• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:28:30
Алматы
+35°

Жыл басында Алматы облысының шекарасын өзгерту туралы Үкімет Қаулысына қол қойылды. Аталған Қаулыға сай бұған дейін Алматы облысының әкімшілік аумағы саналып келген ҚР Қорғаныс министрлігінің аудандық гвардиялық эксплуатациялық бөлімі, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты сынды нысандар мен бұрынғы «Алматы» әскери кеңшары енді Жамбыл облысының меншігіне өтеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ең бастысы аталған аумақ тұрғындары енді мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін 150 шақырым жердегі Ұзынағаш ауылына сабылмай, іргедегі Отардан-ақ шаруасын тындырады. Жергілікті билікке әкімшілік-аумақты өзгерту туралы талапты тұрғындар тоғыз жылдан бері қойып келген. Алайда әртүрлі себептермен кейінгі қалдырылып келген мәселе осылайша оң шешімін тапты. Оған қоса күні бүгінге дейін «Мәтібұлақ» полигонында өтетін халықаралық деңгейдегі әскери оқу-жаттығу жиындарының кей шығындарына біздің өңір қазынасынан қаржы жұмсалып келген еді.

–Расында жергілікті тұрғындар тарапынан әкімшілік-аумақты өзгерту туралы өткір мәселелер көтеріліп келді. Жаңадан қабылданған аумақ бұған дейін Алматы облысы, Жамбыл ауданына қараған. Демек тұрғындарға мемлекеттік қызмет алуда, дәрігер көмегіне жүгінуде 150 шақырым қашықтықтағы аудан орталығы Ұзынағаш ауылына баруға тура келген. Оған қоса «Мәтібұлақ» полигонында әскери ойындарды өткізу кезінде әскери нысан аумағын инфрақұрылымдармен жабдықтау ісі бұған дейін Жамбыл облысы бюджеті есебінен жүргізілді. Сонымен қатар осы әскери кешендегі әскери қызметкерлердің 80 пайызы келісім шартпен жұмыс жасап жатыр. Олардың көбі отбасылы. Сондықтан мұнда балабақша орындарының тапшылығы, мектептің тарлығы сынды мәселелер де қалыптасқан. Аталған жайттарды ескеріп біз «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңын басшылыққа алып Алматы облысының әкімдігіне қайырылдық. Біздің бұл ұсынысымызды Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімімен қабылданды, –дейді облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Молдабай.

Енді екі облыстың өкілдері берілген жерді өткізу, қабылдап алу рәсімдерін өткізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір