• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:14:43
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Бекболат Тілеухан: Мұндай жаман жүйе жоқ... (видео)

"Мәселе жүйеде. Жүйе – қаскөй жүйе. Мұндай жаман жүйе жоқ. Талай проблеманы айтып жүрміз. Жұмыссыздықты айтып жатырмыз. Жемқорлықты айтамыз. Масылдық дейміз"

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Қазақстандағы білім беру жүйесін қатаң сынға алды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Мәжіліс депутатының пікірінше, келешек ұрпақ үшін білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту керек.

"Мәселе жүйеде. Жүйе – қаскөй жүйе. Мұндай жаман жүйе жоқ. Талай проблеманы айтып жүрміз. Жұмыссыздықты айтып жатырмыз. Жемқорлықты айтамыз. Масылдық дейміз. Елімжандықтың жоқтығы дейміз. Осының бәрі де проблема шығар. Бірақ бұл білім жүйесінен маңызды проблема біздің ұрпақ үшін жоқ. Адамның өмір жолының табалдырығы мектеп болса, мектептің жаны мұғалім болса, мұғалімнің құралы оқулық болса, оқулықтың басы оқу бағдарламасынан басталатын болса, осы бүкіл циклді жасаған кезде, білесіз бе қандай жүйемен жасалып жатқанын? Ал енді бұл жерде жүйені түбегейлі өзгерту керек. Жүйе өзгермей, бұл дау – ешқашан таусылмайтын дау", - деді Бекболат Тілеухан Qazaqstan телеарнасындағы "Ашық алаң" бағдарламасында.

Ал "жүйені кім өзгертуі керек?" деген сұраққа Бекболат Тілеухан халықтың өзі өзгертуі тиіс деп жауап берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір