• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:26:18
Алматы
+35°

Парламент мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова бюджет қаражатын дұрыс жұмсаудың маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтының дерегін негізге алып.

Оның айтуынша, республикалық бюджеттен қаржы толығымен бөлінеді. Бүкіл қаражат министрліктердің сұрауы бойынша таратылады. Алайда бюджет қаржысын тиімді жұмсау және игеру жағынан біраз сұрақтар бар. 

"Біз қанша сұраса да, бере саламыз. Әлемнің бар ақшасын жұмсауға да болады. Дегенмен, осы орайда маңызды бір сұрақ туындайды. Одан не өзгереді? Ақшаның бөлінгенін әр азамат қалай біледі? Халық жағдайдың жақсарғанын қайдан көреді? Біраз қаражат бөлінді ғой. Тағы ескертейін, мемлекеттің қаржысы –  біздің ақшамыз, біздің салығымыз. Иә, әкімдер мен тағы басқалары сұрайды. Олардың да үлесі (салық төлеу бойынша - Ред. ) бар, бірақ көп емес", - деді Қарағұсова 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті талқылауға арналған жиында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір