• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:34:37
Алматы
+35°

Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында аудан тұрғындары қойған өзекті сауалдардың қалай орындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылдың тамыз айында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуі өтіп, оның барысында 52 тұрғын 82 сауал тастаған еді, қойылған сұрақтардың 34-і бірін-бірі қайталады. Қазірдің өзінде 11 сұрақ шешімін тапты, 9 сұрақ бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 24 сұрақ жұмыс үстінде.

М. Қиқымов өзінің сөзінде Жетісу ауданын кешенді дамыту және аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту үшін әлеуметтік нысандарды салу және жөндеу жоспарланғанын айтты.

Келер жылдың қыркүйегіне дейін №80, №129 мектептерде сейсмикалық күшейтумен қатар күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, осы кезеңге Айнабұлақ-4 ықшамауданында 200 орынды бала бақша салу межеленген.

Ауданда бірде-бір денешынықтыру-сауықтыру кешені жоқ. Осыған орай, бұл мәселені шешу үшін МЖӘ қағидасы бойынша ДСК салу жоспарланған, соның арқасында тенниспен, футболмен, дзюдомен, бокспен және спорттың басқа да түрлерімен айналысып, бассейнде жүзу үшін барлық жағдайлар жасалады.

Кемел ықшам ауданында күніне 200 адам қатынайтын емхана салу жоспарланған. №11 емхана сейсмикалық жағынан күшейтіліп, күрделі жөндеуден өтетін болады. Күндізгі оңалту орталығының ауқымы кеңейеді. Тұрғын үй кешенін салатын жеке инвесторларға емхана үшін 400 шаршы метр жер бөлу жоспарланған. Бұлардан өзге, ауданның үш емханасын медициналық құралдармен жабдықтау бойынша жұмыстар жүруде. Нәтижесінде, қала әкімінің тапсырмасына сай, Жетісу ауданының тұрғындары, яғни 47 мың адам бір қадам жақын сапалы медициналық қызметке қолжеткізетін болады.

Almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір