• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Қыркүйек, 18:23:54
Кекілбаевқа арналған кеш

12 Қыркүйек, 2019 Алматы

Жетісу ауданында 100 аула жөнделеді

Биылғы жылы 305 ауланың 244-і абаттандырылады. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі М. Қиқымов Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады.

Аула айналасын абаттандыру қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мегаполис тұрғындарымен өткізген кездесулерінде жиі қойылған сұрақтардың бірі болды. Қала басшысының тапсырмасы бойынша уақыты және жауапты адамдар көрсетілген нақтылы жоспар жасалды.

«Ағымдағы жылы барлық аулалардың 80%-ға жуығын абаттандырамыз. Қалған 40-ы келер жылы қолға алынады. Ауданды жасылдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргіземіз», – деді М. Қиқымов.

2019 жылы Рысқұлов, Сүйінбай даңғылдарының, Гамарник, Қазыбаев, Біріншімай мұнай базасы, Серіков, Боралдай көшелері мен «Көкжиек», «Құлагер» ықшамаудандарына, Омаров көшесі бойындағы скверге, «Гүлдер» паркіне және «Қапшағай трассасы – Солтүстік айналма» жолайрығы бойына 7,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Жалпы, ауданның жасыл қоры 220,6 мың бірліктегі ағаштарды құрайды. Жасылдандыру нормасы бойынша 1 адамға 10 кв.метр аймақ – 58 мың ағаш бірлігі керек.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір