• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:54:03
Алматы
+35°

Ауданда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицияның учаскелік пункттерінің саны артуда. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.

Ол ауданда полицияның 11 учаскелік пунктінің орналасқанын хабарлады.

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша «Көкжиек» ықшамауданындағы 58А үй жанынан №71 УПП үшін жаңа қосалқы нысан салынды. Оның бір бөлігінде учаскелік инспектор отбасымен тұрады. Екінші нысан №64 УПП үшін Есенов, көшесіндегі 154/1 үй жанында орналасқан», – деді М. Қиқымов.

Бұлардан өзге, тұрғындардың шағымдары негізінде стихиялы сауданы жою жұмыстары жүруде. Ағымдағы жылдың жеті айы ішінде 476 хаттама толтырылып, рұқсат етілмеген жерде сауда жасағандарға 2,9 млн теңге айыппұл салынды. Тамыз айында осындай 88 хаттама толтырылып, 138,8 мың теңгенің айыппұлы салынған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір