• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:47:56
Алматы
+35°

Ағымдағы жылы Қала күнін мерекелеу аясында 24 тамыздан 30 қыркүйекке дейін 67 іс-шара жоспарланған, оның ішінде жаңа нысандардың ашылуы, мәдени және спорттық шаралар, көрмелер, акциялар және т.б.

Оның 34-і дәстүрлі болып табылатын мәдени іс-шаралар. Олар: «Көк-Төбе Опера» классикалық музыканың халықаралық фестивалі, «Оркестрлер фестивалі» ашық аспан астындағы фестивалі, «KITAP FEST» кітап фестивалі, «Алма-Ата – моя первая любовь» музыкалық ретро-фестивалі, «Алма Quest» масштабты қалалық квесті, «Гәкку дауысы» қазақстандық музыка фестивалі, «Almaty Film Festival» халықаралық кинофестивалі, «Aлма fest» қалалық дәстүрлі алма фестивалі.

15 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу аясында – масштабты қалалық «Алма Quest» квесті өтеді. Бұл жұмбақтар мен құпиялары, аңыздары мен тарихы бар көшелер мен аудандардағы нағыз саяхат.

Алма Quest – екі кезеңге бөлінген қалалық іс-шара, мүмкіндігі мен уақытына байланысты іс-шараға барлығы қатыса алады:

Тіркелу және алдын ала тестілеуден өту (міндетті емес) www.almаquest.kz сайтында, тестілеуден өту финалды ойында ұпай санын қосуға мүмкіндік береді.

Alma Quest – бұл бір сценарий бойынша біріктірілген тапсырмалар тізбегі бар таңғажайып және көңілді команда СПОРТ ойыны. Ойынның мәні – қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше тез табу, барлық тапсырмаларды дұрыс орындау, білімдеріңді және тез ойларыңды жанып, ақырғы нүктеге жету.

Қатысу ережелері, басталу және аяқталу нүктелері, іс-шараның өтетін уақыты, сонымен қатар жүлде қоры мен сыйлықтар туралы толық ақпарат www.almаquest.kz веб-сайтында.

VI Жылсайынғы «GAKKU ДАУЫСЫ» қазақстандық эстрада фестивалі, 2019 жылғы 14 қыркүйекте Алматының «Астана» алаңында өтеді.

«Gakku Дауысы» – бұл жыл сайын өтетін заманауи қазақстандық музыканың фестивалі. Gakku телеарнасы ұйымдастырған концерт барлық танымал әртістерді, аға буын әртістерінің ең жарқын өкілдерін және әр түрлі музыкалық жанрлардың өкілдерін бір сахнаға жинайды.

2018 жылы бесінші мерейтойлық фестиваль 200 000-ға жуық адамды жинады және Gakku арнасы мен YouTube-тегі тікелей эфирдің арқасында әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендер концертті тамашалай алды. ХЕДЛАЙНЕРІ:   «Ән» телешоуының екінші маусымына қатысуымен аса танымал болған артист SayMo (Мольдир Есенбек).

Almaty Film Festival 14-20 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу салтанаты халықаралық деңгейлі киножұлдыздарының қатысуымен Республика Сарайында өтеді.

7 күн бойы ( 14-20 қыркүйек) үш негізгі алаңда 60 астам көрсетілімдер мен іс-шаралар өтпек:

Almaty Film District Бизнес-форумы, онда киноиндустрия мэтрлерінің шеберлік сабақтары, дөңгелек үстелдер мен Made in Almaty сценарийлерінің байқауы өтеді (отель Mercure Almaty City Center);

Chaplin Cinemas кинотеатрлары өз залдарын фестивальдің бәсекеге қабілетті емес және бәсекелес емес бағдарламаларының фильмдерін көрсету үшін ашады.

Chaplin Cinemas кинотеатрларында жас жұлдыздар ТМД-дағы Уолт Дисней компаниясымен және Еуропалық балалар киносы қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған балалар мен отбасылық киноларға арналған бағдарламаның ашылуына орай қызыл кілеммен өтеді.

Кинофестивальдің бизнес-іс шаралары фестиваль орталығындағы   Mercure Almaty City Center отелінде өтеді.

Кинофестиваль аясында бизнес-форум өтеді, онда отандық киноны дамытудың келешегі, қазақстандық фильмдердің басқа елдерге экспорты, бірлескен өндіріс мәселелері, кинематографтың Алматының туристік әлеуетінің дамуына әсері талқыланады.

Басты мерекелік іс-шара – 5 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында өтетін қалалық «Aлма fest» алма фестивалі.

Парктің аумағы шартты түрде 6 белсендік аумағына бөлінеді:

- дәстүрлі мәдениетті паш ететін «Қазақ ауылы» этно-паркі;

- «Alma kids» балаларға арналған ойын-сауық алаңы;

- балмұздақ фестивалі;

- дәмтатулары бар алма стрит-фуды мен барбекю аумағы;

- 55 шаруа қожылығының қатысуымен өтетін алма жәрмеңкесі;

- «Alma activ» жастардың белсенді демалыс аумағы.

15 қыркүйекте сағат 16.00-23.00 аралығында Панфилов көшесінде (Метро стансасының алдында) «MusicQala» концерті өтеді. Бұл жас музыкалық топтар мен жас орындаушылардың қатысуымен өтетін Алматы музыкалық фестивалі.

Биыл 10-шы рет, Қазақстанның бұлбұлы атанған, КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, Социалистік Еңбек ері, КСРО мен Қазақстанның Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенованың 90-жылдығына орай Бибігүл Төлегенованың Х Халықаралық вокалистер байқауы өтеді.

Байқаудың іріктеу туры Абай ат. МАОБТ театрының кіші залында өтеді. Байқаудың ашылу, жабылу және финалды туры Абай ат. МАОБТ театрының үлкен сахнасында өтпек.

Жас опера әншілері осы байқауға қатысу үшін кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей, Башқұртстан Республикасы, Қырым Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Молдова Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Италия, Болгария және Монғолиядан Алматыға келеді.

23 және 24 қыркүйекте Қала күнін мерекелеу аясында Құрманғазы ат. Қазақ Ұлттық консерваторияның Үлкен концерт залында камералы музыканың «Әуен fest» фестивалі өтеді.

Фестивальге Қазақстанның жеті аймағынан келген талантты музыканттар қатысады.

«Әуен Fest» республикалық фестиваль-байқауы камералық классикалық музыканы қазақстандықтар арасында кеңінен насихаттау және жас өнерпаздарды осы өнермен таныстыру мақсатында өткізіліп отыр.

Сонымен қатар, қаланың әр ауданында мәдени шаралар өтеді – концерттер, жарыстар, спорттық эстафеталар, мерекелік сауда ұйымдастырылады.

2-15 қыркүйек аралығында қаланы мерекелік безендіру үшін 45 аншлаг, 1 джамба, 10 билборд бір стильде безендіріледі. Сондай-ақ, метро станциялары мониторларында Қала күніне арналған бейнеролик орналастырылады.

Сонымен қатар, 12 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында 8 дана кіші сәулеттік үлгі орнатылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір