• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:22:35
Алматы
+35°

Жасыл экономика басқармасының мәліметі бойынша, 2019 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласындағы нөсерлі жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу және оны жою мақсатында аудан әкімдіктерінде, төтенше жағдайлардың аудандық бөлімдерінде және құтқару қызметінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Суды бөгетсіз өткізу мен ағызуды қамтамасыз ету мақсатында 192 адам, 81 бірлік арнайы техника және 22 мотопомпа жұмылдырылды. Қатты жауған нөсер жаңбырдың салдарынан арықтар қураған бұтақ, түрлі қоқыстармен бітеліп, жекелеген учаскелерде су арнасынан тасып, су басу фактілері орын алды.

Қазіргі уақытта арық желілері мен өткелдерін тазалау жұмыстары жалғасуда. 3 су басу оқиғасы жойылды.

Бостандық ауданындағы Өтепов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы көппәтерлі тұрғын үйдегі су басу қаупі жойылып, Радостовец көшесі, 183 мекен-жайындағы арық жүйесі тазартылды. Су басу қаупін жою жұмыстарына 7 бірлік арнайы техника, 12 жұмысшы қатысып, 50 қап төселді.

Әуезов ауданында екі арнайы техника мен 8 жұмысшы жұмылдырылды. Жандосов, 134 көшесіндегі су басу қаупі жойылды.

Су тасқыны болған жағдайда аудан бойынша жауапты адамға хабарласуларыңызды сұраймыз:

Алатау ауданы – Нурабилов Т. тел. 8-702-460-6104

Алмалы ауданы – Толеген А. тел. 8-775-190-1942

Әуезов ауданы – Султанова Д. тел. 8-701-671-6600

Бостандық ауданы – Оразымбетов Н. тел. 8-701-666-5648

Жетісу ауданы – А. Әбдіқадыров тел. 8-707-314-8889

Медеу ауданы – Куребай Е. тел. 8-771-469-8101

Наурызбай ауданы – Кыдырбаев О. 8-747-159-5043

Түрксіб ауданы – Баясыл С. тел. 8-707-322 5004

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір