• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:11:59
Алматы
+35°

Аудандарды аралап шығып, тұрғындармен кездескен соң Бақытжан Сағынтаев азаматтарды жеке қабылдай бастады. Бұл күні әкімнің қабылдауына 25 адам келді, олардың көтерген проблемалары әртүрлі – тұрғын үйдің жоқтығы, жер, коммуналдық және әлеуметтік мәселелер.

Мәселелердің кейбіреулері бірден шешіліп жатты. Қосымша зерттеуді қажет ететін өтініштер де болды, мектепке және көшеге ат беру  үкіметтік деңгейдегі комиссия шешімімен ғана іске асатын мәселе.

Әр өтініш бойынша нақтылы жауаптар әзірленеді. Оң шешімін тапқан жағдайда орындалу мерзімі мен жауапты адамдардың аты-жөні көрсетіледі.

Енді азаматтарды жеке қабылдау қала әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалының офисінде тұрақты өтеді. Ал, тұрғындармен «еркін микрофон» форматында кездесу әр тоқсанда бір рет өтетін болады.

almaty.gov.kz

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір