• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:42:57
Алматы
+35°

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қалада ұзындығы шамамен 140 шақырымды құрайтын 121 көшедегі сыртқы жарықтандыру желісінің (СЖЖ) құрылысы аяқталды.

Алатау, Әуезов, Жетісу, Медеу және Наурызбай аудандарында 139 шақырымнан астам жаңа кабель жүргізіліп, 2 326 тірек (баған) және заманауи LED шамдармен жабдықталған 4 321 жарық ошақтары салынды. Қазіргі уақытта СЖЖ тестілеуден өтуде. Жаңа жылға қарай Алатау, Бостандық, Жетісу және Түрксіб аудандарындағы тағы 208 көшеге 4,8 мың заманауи шамдар орнатылады.

Сонымен қатар, мыңға жуық көше мен 900 ауланы қамтитын сыртқы жарықтандыру құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары басталды. Жаңа шамдардың басты артықшылығы сол, шамдардың жарықтығы, қызмет ету мерзімінің ұзақтығы, энергия тұтынудың төмендігі және экологиялық қауіпсіздігі (LED-шамдардың құрамында зиянды әрі қауіпті заттардың болмауы және кәдеге жаратудың арнайы шарттарын талап етпейді).

Жарықдиодты шамдар газразрядты-натрийлі және сынапты шамдармен салыстырғанда электр энергияны 1,5 – 2,5 есе аз тұтынады. Қазіргі қолданыстағы шамдардың қызуы үшін белгілі бір уақыт қажет болса, LED шамдар бірден берілген режимге енеді. Ал олардың мықты құрылымы механикалық зақымданудан және қоршаған ортаның әсерінен қорғайды.

Алматыда орнатылған жаңа шамдар түстерді ерекше берумен де ерекшеленеді. Оның ең төменгі коэффициенті 70±10 Ra, ал натрийлерде бұл көрсеткіш үш есе (40-тан 59 Ra-ға дейін) төмен. Яғни, LED шамдар заттардың түсін, түрін нақты әрі дәл көрсетумен ерекшеленеді. Бұл көлік жүргізушілері үшін аса маңызды. Бүгінде Алматы көшелеріндегі энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдардың көрсеткіші 28% (қаланы жарықтандыратын 97 мыңнан астам шамдардың 27 мыңнан астамы LED шамдар).

Қала әкімдігі әзірлеген МЖӘ қағидаттарына сәйкес қаланың сыртқы жарықтандырылуын жаңғырту бағдарламасы 2023 жылға дейін жүргізіледі. Бұл бағдарлама 1 375,15 шақырым жаңа кабель желілерін жүргізуді, 42 052 тіректерді, сондай-ақ 45 829 LED-шамдарды орнатуды көздейді, оның 44 576-і негізгі және 1 253-і қосымша тротуарларға арналған. Энергия тиімділігі жобасын іске асыру арқылы қала көшелеріндегі жарықтандыру жүйесінің электр энергияны тұтынуы кемінде 15%-ға төмендемек.

Алматыда СЖЖ-ны жаңғырту жұмыстары 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір