• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:58:30
Алматы
+35°

Бүгін Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев Денсаулық айлығының қорытындысы туралы айтты.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша 1-30 тамыз аралығында Қоғамдық денсаулық басқармасы медициналық қызметтің қолжетімділігі үшін мобильді топтарды халық арасына жіберген еді. Медициналық бригадалар жаңа ықшамаудандарда, базарлар мен сауда орталықтарында болды.

Іс-шаралар қаланың алпыстан астам шет аймақтарында жүргізілді, нәтижесінде 17,5 мың тұрғын тегін медициналық тексеруден өтті және дәрігерлерден кеңес алды.

Медиктер холестерин мен қандағы қант деңгейін анықтады, флюорографиялық тексерулерден, ВИЧ-инфекция мен терінің созылмалы ауруларын анықтау үшін жедел тестілеуден өткізді, дене индексінің антропометриясын белгіледі, көз қысымын өлшеді.

Тұрғындар мен қала қонақтарына жалпы практика, лор және кардиолог дәрігерлер көптеген кеңестер берді. ЖПД – 11058, ЛОР – 4255, кардиологтар- 6899, гинекологтар – 2915, невропатологтар – 4566, офтальмологтар – 5031, хирургтар – 3138 адамды қарады. Сонымен қатар, уролог, педиатр, дерматолог, онколог, ревматолог, стоматолог, эндокринолог, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар қабылдау жүргізді.

Флюрографиялық тексеруден 4581 адам, электрокардиографиядан 6200 адам өтті, 10424 адамның холестерин, 10885 адамның қандағы қант деңгейлері анықталды, ВИЧ-инфекциясын анықтау үшін тестілеуден 5193, терінің созылмалы ауруларын анықтаудан 3627 адам өтті, 5503 адамның көздерінің қан қысымы тексерілді.

Денсаулық айлығының нәтижесі бойынша тексеруден өткен 8228 адамның мынадай сырқаттары анықталды: АҚ – 1984, ИЖА – 507, қант деңгейі көтерілгендер – 898, гиперхолестеринемиясы барлар - 615, глаукома – 203, туберкулез қаупі бар – 19, АІТ – 961, семіздік – 507, ВИЧ қаупі – 10, тыныс алу жолдарының сырқаты – 370, көз ауруы – 335, неврологиялық аурулар – 461.

Медицина қызметкерлері Денсаулық айлығы барысында тұрғындар арасында Регистр арқылы тіркелу және мобильді қосымшаны орнату бойынша ақпарттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Скринингтен өту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір