• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:07:04
Алматы
+35°

Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен қала активінің отырысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев медмекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жүргізілген аудиттің нәтижесі туралы хабарлады.

Қаланың емханаларын жарақтандыруда 20%-дан 80%-ға дейінгі айырмашылықтар анықталды. Аудит нәтижесі негізінде медмекемелерді жарақтандырудың 3 жылдық жоспары жасалды. Медұйымдарда 30 мыңнан астам медициналық қондырғылар бар, олардың 10,9 мың бірлігінің тозығы жеткен.

Сондықтан медқұралдарды сатып алу үшін 86 млрд. теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланған. 2020 жылдың өзінде 1,4 мың бірлік медтехника алынады. Жедел медкөмек қызметі үшін келер жылы 80 автомобиль сатып алынады.

Шұғыл кардиологиялық көмек үшін қаланың №4,7 және ОҚКА сияқты үш стационарында кардиобөлімше ашу жоспарланған. 2019 жылдың қазанында Алатау ауданында Жедел медициналық көмек қызметінің жаңа қосалқы станциясы ашылады. Барлық аудандарда 35 отбасылы-дәрігерлік амбулаториялар ашылатын болады.

«Әлеуметтік қызмет көрсетудегі сандық және сапалық, әсіресе денсаулық сақтау саласында, орталық пен шет аудандардағы алшақтық қысқаратын болады», – деді Б. Сағынтаев.

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір