• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:43:43
Алматы
+35°

 

Бүгін, 2 қыркүйекте Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай аудан тұрғындарымен кездесудің қорытындысы бойынша қала әкімі Б. Сағынтаев берген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Негізінен сұрақтар тұрғын үй-коммуналдық сала, жер қатынастары, жол-көлік және инженерлік құрылым бойынша қойылды.

«Шетсіз қала» бағдарламасы аясында аудан әкіміне 17 тапсырма берілді, олардың 4-ін аудандық әкімдік (№27, 118 автобустар қатынасы бойынша – бағыттар ұзарды, су желілері тартылды, Шұғыла ықшам ауданындағы балалар алаңдары жөнделді) орындады, 4 сұрақ қаланың басқармаларымен бірге (Шұғыла ықшам ауданын газбен, энергиямен жабдықтау) шешімін тапты, 8 сұрақ бойынша қала басқармаларымен жұмыстар жүруде. Қаланың Полиция департаментімен бірге ауданда қауіпсіздік күшейтілуде.

Тұрғындармен кездесу кезінде 41 сұрақ қойылды, олар:

7 – коммуналдық проблемалар бойынша,

11 – көлік қатынасы бойынша,

5 – жер учаскесі бойынша,

9 - әлеуметтік-медициналық қызмет бойынша,

3 – спорт-мәдени объектілер бойынша.

Бүгінгі күні 4 сұрақ шешілді, 13-ін қыркүйектің соңына дейін шешу жоспарланған, қалған 24 сұрақ қала басқармаларымен бірге шешімін табатын болады.

 almaty.gov.kz

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір