• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:05:34
Алматы
+35°

Жұмыстың мұндай көлемі келер жылға жоспарланған. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай хабарлады.

Қаланың Полиция департаментімен бірге жарықты бірінші кезекте қажет ететін барынша криминогенді учаскелер анықталды. Биылғы жылы Қалқаман елді мекенінің 23 көшесі жарықтандырылады. Келер жылы Наурызбай ауданының 245 көшесіне жарық жүргізіледі.

«Аудан құрылған кезден бастап ұзындығы 72 км болатын 49 көшеге жарық жүргізілді. Жалпы, аудан бойынша көшелердің небәрі 28 проценті ғана жарықтандырылған, әрине, бұл жеткіліксіз. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес келер жылы ауданның барлық көшелерін жарықтандыруды жоспарладық», – деді С. Тоғай.

Бұлардан өзге, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға орай ауданда сегіз криминогенді учаске анықталды, бұларда полицияның стационарлы және мобилді пункттері жұмыс жасайды.

«Келер жылы Қалқаман ықшам ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында үй салынып, оның бір жартысына полицияның учаскелік пункті орналасады, ал екінші жартысында учаскелік полиция қызметкері отбасымен тұратын болады», – деп атап өтті Наурызбай ауданының әкімі.

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір