• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:09:48
Алматы
+35°

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай 10 елді мекеннің ЖСҚ жасалғанын, ал төртеуінің мемсараптамасының дайын екенін айтты. Алдағы екі жыл ішінде Таужолы, Құрамыс, Жайлы ықшам аудандары сумен қамту желісіне қосылады. Ақжар елді мекені бойынша конкурстық процедуралар жасалуда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С. Тоғай ұзақ жылдар бойына сусыз болған тұрғындардың сабыр сақтауын өтінді. Қала әкімінің тапсырмасына сай жұмыстар қолға алынған. Су және кәріз желілері тартылған соң жолдар жөнделеді.

Жалпы, аудан тұрғындарының тең жартысы немесе 70 мыңға жуық адам әсіресе, жаз айларында судың тапшылығынан зардап шегуде.

Наурызбай ауданының әкімі жыл аяғына дейін иесіз коммуналдық желілердің қала балансына өтетінін хабарлады. Қазіргі кезде 362 трансформатор қондырғыларын, 80 км кәріз желілерін, 36 су құбырлары скважиналарын коммуналдық меншікке беру мәселесі қарастырылуда.

«Су желілерін жөндеу жұмыстарына өздері қаржы жинап, тұрғындар шығынға батуда. Мысалы, трансформаторлардың 70%-ы тозған. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жыл аяғына дейін мәселені шешуді тапсырды, біз бұл бағытта жұмыстар жүргізудеміз. Тұрғындар қосымша шығындардан арылып, коммуналдық қызметтерді жалпықалалық тарифтер бойынша төлейтін болады», – деп атап өтті С. Тоғай.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір