• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 22:51:18
Алматы
+35°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы бүгінде жер-жерлерде жіті талқылануда. Жылдың бас құжатының басым бағыттары түсіндіріліп, алқалы отырырыстар өтуде. Сондай басқосудың бірі Жамбыл облысы әкімдігінде ұйымдастырылды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жиында ең алдымен облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова баяндама жасап, Жолдау жүктеген талаптар мен міндеттер бойынша өңірде атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында заманауи талаптарға жауап беретін дамудың басты бағыттарын белгілеп берді.

Еліміздің даму жолын әлем мойындап, «Назарбаев» моделінің негізінде өркендеудің жаңа кезеңіне шығу жолы айқындалды.

Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асырудың өзегі ретінде бес міндет алынды. Біріншісі – заман талабына сай тиімді мемлекет. Екіншісі – азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Үшінші міндет – қарқынды дамыған және инклюзивті экономика. Төртінші міндет – әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі. Бесінші міндет – қуатты өңірлер – қуатты ел.

Біріншіден экономикалық өрлеу және әлеуметтік саланың барлық бағыттары бойынша саяси реформалар кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру міндеті тұр.

Билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу аса маңызды, -деп сөзін бастаған Сұлушаш Сәтбекқызы одан әрі халықпен тығыз байланыс орнатудың тиімділігін тілге тиек етті.

- Президент Жолдауда «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» , - деп ерекше атап өтті. Осы орайда облыс әкімінің 13 наурыздағы №70-ө өкімімен жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмдері бекітілген болатын. Алгоритмге сәйкес, қала, аудан әкімдері 5 күн бұрын басылымдарда, әлеуметтік желілерде, ресми сайттарда тұрғындармен өткізетін кездесу орны, мерзімі туралы хабарлау керек. Алайда жергілікті әкімдер тарапынан алгоритмді жүзеге асыру барысында көптеген кемшіліктерге жол беріліп, әлі де болса тұрақты жүйе қалыптаспай отырғаны анықталды.

Мәселен бірқатар аудандарда аудан әкімінің округтерді аралау кестесі аудан әкімімен бекітілмеген және елді мекендерге шығу кестесі облыс әкімінің бас инспекторына ресми жолданбаған. Сондай-ақ өткізілген

жиындардың хаттамаларында округ әкімінің, жергілікті мекеме басшылары есептерінің тыңдалғаны, олардың жұмысына нақты баға беру, көтерілген мәселер бойынша қабылданған шешімдер, оған жауапты лауазым иесін бекіту секілді мәселелер енбеген. Рәсімделген хаттамалардың орындалуына талдау жасалмаған.

Бұдан бөлек, инспекторлар тарапынан зерделеу барысында әкімдердің елді мекендерді аралау кезінде азаматтарды жәке сұрақтармен қабылдау мәселесі де жүйеленбегені белгілі болды.

Осылайша алгоритм қабылданғалы жарты жылға жуық уақыт өтсе де көптеген ауыл әкімдері апта сайын тұрғындармен өтетін кездесулерге немқұрайлы қарауда, - деп облыс әкімінің орынбасары аудан мен ауыл әкімдерінің жүйесіз жұмысын бір сынап өтті.

Баяндама тыңдалғаннан кейін бірқатар азаматтар жарыссөзге шығып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа арнаған Жолдауына қолдау білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір