• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Қыркүйек, 01:15:39
Ауыл шаруашылығы министрлігінің назарына! «Жем шөптің бағасы күйіп тұр, қамшыңа жазшы», – дейді әкем

11 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Өзге ұлт өкілдері латын әрпінде диктант жазды

Бүгінде латын әліпбиіне көшу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып отыр. Осыған орай жер-жерлерде халықты латын әрпіне үйретіп, сауатын ашу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сондай шараның бірі – Жамбыл облысы Тараз қаласындағы Ш.Уалиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінде ашық диктант жазылды.

Диктантқа барлығы 68 адам қатысты.Олардың басым көпшілігі өзге этнос өкілдерінен, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер және мектеп оқушылары жаңа әліпби бойынша сауаттылықтарын тексерді.

Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы желтоқсанда жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясына, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарын латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін сауатты қолдануға үйрету болып табылады.

Жалпықазақстандық диктант «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолдану арқылы жүзеге асуда. Диктант «2019 – Жастар жылы» тақырыбында жазылды.

Ашық диктант қазақ тілінде еліміздің барлық облыстарында 2019 жылғы 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де басталды. Диктантты сауатты жазуын тексеру үшін арнайы комиссия құрамы бекітіліп, мәтінді оқуға дикциясы анық әрі таза, жаңа қазақ әліпбиін меңгергендігін растау туралы сертификатталған мамандар тартылуда.

Диктанттың қатесін тексеруші арнайы комиссия құрамында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ әдіскері Өмірбеков Кенжебай Қалкөзұлыда болды. Кенжебай Қалкөзұлы «Осындай іс-шаралар тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуды сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аталған заман талабына сай жаңа қазақ әліпбиін қолданудың маңыздылығын қоғам санасына сіңіруді одан әрі күшейте түседі. Біздің мақсатта сол Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту, қатысушыларға қазақ тілін білу, сауатты жазу деңгейін тексеруге мүмкіндік беру және сауатты қоғам болудың маңыздылығына назар аударту»- деді өз сөзінде.

Диктанттың қорытындысы бойынша 13 адам -өте жақсы, 19 адам-жақсы, 36 адам-орташа деп бағаланды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір