• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 17:07:59
Кекілбаевқа арналған кеш

11 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Жастар кадрлық резервісі – жастарға берілген мол мүмкіндік

Тәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы, оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегі екені баршамызға аян.

Ұлт көшбасшысының тарихи еңбегінің басым бағыты – ел жастарына арналған. Өйткені Елбасы әрқашан ел жастарының нағыз қамқоршысы, қолдаушысы болып келеді. Сол саяси сабақтастықты қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та жалғап, қызметке кіресе салысымен жастарға үлкен сенім артатындығын ашық айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. .

Статистикалық мәліметке сүйенсек, ел тұрғындарының 4,5 миллионнан астамы жастардың үлесінде екен. Бұл дегеніміз жалпы халықтың 30 пайызы жастар дегенді айғақтайды. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастардың қолында десек артық айтқанымыз емес.

Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелект, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн.

Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі жиындарда белсенді жастар бас қосып, қоғам өміріне етене араласып жатқандығы көңіл қуантады. Өйткені, біз сергек санасы бар, аға буын данасы бар, Ұлы Даладай даласы бар, Мәңгілік елдің төріндегі қазақ деген баласы бар елміз.

Биылғы жыл жастар үшін ерекше қолдау жылы болды. Себебі осы жыл Жастар жылы деп жарияланып, еліміздің барлық аймағында жастарды қолдауға бағытталған қыруар шаруа атқарылды. Соның ішінде жастарға ерекше қуаныш сыйлағаны ол Президенттің Жастар кадрлық резервін қалыптастыру идеясы.

Қазақстанда Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылып, барлық жастар тең мүмкіндіктер сыйлап, барынша ашық өткізілмек. 1 қыркүйектен бастау алған аталмыш жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Кандидаттардың құжаттарын қабылдау, үміткерлердің теориялық білімін тестілеу, жастардың көшбасшылық қасиеті, сын тұрғысынан ойлау деңгейі, стратегиялық көзқарасы, уәждемесі мен құндылықтарын бағалау сынды межелерден сүрінбей өткен 300 жас резевке енгізілмек.

Бұл жоба жастарға берері мол дүние. Өйткені қаншама өз ісінің шеберлері, креативті идеяларға бай жастар ортамызда таныла алмай, өз мүмкіндігін күтіп жүр.

Рас, осыдан бірер жыл бұрын «Nur Otan» партиясының жастар кадрлық резервісі дүниеге келді. Алайда жасыратыны жоқ сол резервте жылдап тұрсақта жемісін көре алмадық. Яғни жоба межелі міндетін орындай алмады. Енді міне жастар кадрлық резервісіне өтініп беріп жатқандықтан бұл бастама баянды болады деп үміт зор. Ең бастысы жоба діттеген жеріне жетіп, жастардың үмітін үзбесе екен. Сонымен қатар «Болашақ» сынды мемлекеттік бағдарламалар аясында шетелде білім алып келген жастарға басымдық беріліп, өзге жастар шетқақпай көріп қалмаса екен деп тілейміз. Жасыратыны жоқ, бұл үрдіс осы таңға дейін қоғамда орын алып, көп таланттар тасада қалып кетіп жатты. Осы стеративті Қазақстанның жаңа дәуіріне жол салған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұзып, жастарды жарқын болашаққа жетелейді деп сенеміз.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір