• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:47:40
Алматы
+35°

Кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту – ел ертеңіне салынған инвестиция екені даусыз. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы соңғы Жолдауында асыраушы салаға басымдық беріп, шағын және орта бизнесті дамытуды нықтап тапсырды. Осы орайда Жамбыл облысы Жамбыл ауданында кәсіпкерлік саласында көз қызығарлықтай тірліктер атқарылуда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудан бойынша жалпы тіркелген 4 800 кәсіпкерлік нысандарында 7 534 адам жұмыспен қамтылды. Барлық шағын кәсіпкерлік саласы бойынша есепті кезеңде 16 млрд 296,5 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Бұл ауданда жалпы шығарылған өнім көлемінің 45,2% құрайды.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 жоба мақсатында пайыздық ставканы субсидиялар шартымен 442 млн. теңге көлемінде несие алды. Оның ішінде 69,2 млн. теңгеге кепілдеме берілген.

Ал Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 716,7 шақырымға етеді. Атап айтсақ, республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 72 шақырым. Оның 58 шақырымы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 85,7 шақырым. Аудандық маңызы бар жолдардың жалпы саны 35, ұзындығы 163,0 шақырым. Елді мекендердегі көшелер саны – 475, ұзындығы - 396 шақырым. Оның 157 шақырым асфальтті төсем, 239 шақырым шағалды төсем.

2019 жылы аудан бойынша автомобиль жолдарын ұстауға 48,5 млн. теңге және аудандық мәндегі автомобиль жолдарын жөндеуге 128,9 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражаттарға аудандық маңызы бар 5 жол (Аса-Мырзатай, Айшабибі-Қаратау, Пионер-Сеңгірбай, Құмтиын-Өрнек-Ерназар жолдары) орташа жөндеуден өткізіледі.

Сонымен қатар, ауыл ішілік жолдарды жөндеуге 207,3 млн. теңге бөлініп, бұл қаражаттарға 11 ауылдың 24 көше жолдары жөндеуден өткізіледі.

2019 жылы жалпы аудан бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 384,8 млн. теңге бөлінді.

2019 жылға аудандық бюджеттен елді мекендердің санитариясын камтамасыз ету мақсатында 33 млн. 375 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 23 млн. 681 мың теңге, округтерге – 9 млн. 694 мың теңге).

Ал, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 139 млн. 742 мың теңге бөлінді (ТҮКШЖКжАЖ бөлімі арқылы – 121 млн. 610 мың теңге, округтерге – 18 млн. 132 мың теңге).

2019 жылға елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға, атап айтқанда, электр желісінің және трансформаторлардың техникалық қызметі мен тұтынылған электр энергиясы үшін коммуналдық ақы төлеуге 111 млн. 920 мың теңге бөлініп, игерілуде.

Бұл аудандағы жүйелі жұмыс пен бағдарлы бағытты айқындайтыны белгілі. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір