• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:55:15
Алматы
+35°

Жамбыл облысы бүгінде дамудың даңғыл жолына түскені жасырын емес. Өңірдің өндіріс саласы өрістеп, шағын және орта бизнесте де оңды бастамалар жетерлік. Тұрғындардың тұрмысы түзеліп, әлеуметтің әлеуеті артуда. Оған 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы дәлел бола алады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында өсім байқалады.

Негізігі 6 саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму динамикасын көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатор үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысымен 103,8 пайызды құрады.

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 104,3 пайызды құрап, 308,7 миллион теңгенің өнімі өндірілді (оның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде – 34,7 млрд.теңге (НКИ – 101,5 пайыз), өңдеу өнеркәсібінде – 231,0 миллиард теңге (105,7 пайыз)).

Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,9 пайызды құрады (131,8 миллиард теңге), оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 105,2 пайыз(50,5 млрд. теңге) және мал шаруашылығында – 103,1 пайыз (81,0 миллиард теңге).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі тиісті кезеңмен салыстырғанда 13,3 пайызға артты (166,6 миллиард теңге).

Құрылыс көлемі 62,8 миллиард теңгені құрап, 2,5 пайызғаға өсті.

Тұрғын үй құрылысында 333,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (бұл 2018 жылдың тиісті кезеңіне 107,3 пайыз).

Бөлшек сауда айналымының нақты көлем индексі 105,1 пайызды құрады (189,1 миллиард теңге).

Жүк айналымы 5,0 пайызға, жолаушылар айналымы - 5,1 пайызға өсті.

Инфляция деңгейі жыл басынан (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 3,0 пайыз деңгейінде қалыптасты (ҚР – 3,0 пайыз)). Азық-түлік тауарларға тұтыну бағасы 6,0 пайызға (ҚР – 6,1 пайыз), азық-түлік емес тауарлар – 2,7 пайызға (ҚР – 2,9 пайыз) артты, ақылы қызметтер - 0,6 пайызға (ҚР – 0,6 пайызға) төмендеді.

Айлық инфляция 2019 жылғы шілдеде 0,4 пайызды құрады (ҚР – 0,2 пайыз).

Иә, бұл есепті кезеңдегі көрсеткіш. Әрине бір тұста өсім болса, бір тұста тұрақтылық байқалады. Бұл қай аймақтың болмаса да экономикасында кездесетін нәрсе. Алайда Әулиеатадағы оң өзгерістер көңіл көншітеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір