• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:29:04
Алматы
+35°

Санавар Закирова соңғы кездері қоғам назарын өзіне аударып, сот жүйесіне қатысты негізсіз сыни пікірлер айтуда.
Оның азаматтық зайыбы – рецидивист Әлімжанов 2008 жылы адамдар тобымен алдын-ала сөз байласып, күш қолдану арқылы тонау, 2010 жылы – топтасып қорқытып алу қылмыстарын жасағаны үшін сотталған.
2017 жылы ол аса ірі мөлшердегі есірткі затын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін бес жылға сотталған.
Қылмыстық әрекет жасау барысында ол Закироваға тиесілі «Hyundai Elantra» автокөлігінде болған. Осы ретте Әлімжанов есірткіден өте масаң күйде көлік басқарып, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Санавар Закирова «көлікті сот шешімінсіз тартып алды» деген ақпарат таратуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Әлімжановқа қатысты үкім 2017 жылғы 29 маусымда шықты. Осы шешіммен Закированың автокөлігі ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 118-бабының талаптарына сәйкес қылмыс құралы деп танылып, тәркіленді.
Зайыбы қылмыстық мақсатта пайдаланған автокөлікті Закирова қайтарып беруді талап етуде.
Жоғарғы Соттың кассациялық алқасының қарауында не Закировадан, не Әлімжановтан сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат болған жоқ.
Закирова Жоғарғы Соттан ешкім оны қабылдаған жоқ деп мәлімдеді. Бұл да шындыққа сай келмейді.
Ағымдағы жылдың 1 тамызында Жоғарғы Сот хатшылығының өкілі оның ұялы телефонына хабарласып, Жоғарғы Сот Төрағасының жеке қабылдауына жазылуды ұсынған. Алайда Закирова қабылдауға келуден бас тартқан.
Закированың бұл әрекеттері сотта жеңіліс тапқан басқа азаматтарды жаңылыстыруды, жеке мүддесі үшін оларды заңсыз жария акцияларға шақыруды көздейтінін айғақтайды.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір