• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Қыркүйек, 04:29:14
Кекілбаевқа арналған кеш

13 Қыркүйек, 2019 NEWS

Мұхтар Әблязов: Назарбаев демократияның не екенін түсінбейді (видео)

Мұхтар Әблязов "Назарбаев Қазақстан үшін кім?" атты дебатта қазіргі Қазақстанның жағдайы туралы айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Дебат тікелей эфирде өтіп жатыр.  

"Қазіргі Қазақстанды Тоқаев басқармайтыны белгілі. Оны Назарбаев басқарып отыр. Ол қазір сайлауға қатыса алмағанымен, барлығын өз бақылауында ұстап отыр. Әкімдер мен министрлерге дейін Назарбаев тағайындайды. Ол "Нұр Отан" партиясын да басқарады және депутаттар да сол партиядан іріктеліп, таңдалатыны белгілі. Депутаттарды халық таңдамайды. Назарбаевқа бәсекелестіктің болу, болмауы маңызды емес. Себебі оның адамдары барлық жерде бар. Сондай-ақ елдегі банктердің 90 пайызы Назарбаевтың иелігінде. Мұнай саласын да Назарбаев өзінің күйеу баласы немесе басқа да туыстары арқылы өз бақылауына алып отыр. Сол себепті оған Конституцияны қағазға айналдырудың еш қиындығы жоқ. Барлығы түгелдей өз бақылауында. Не себепті мұндай қадамға барды? Себебі ол әуел бастан алдына осындай мақсат қойған болатын. Назарбаев демократияның не екенін түсінбейді. Сонымен біз нені көріп отырмыз? Барлық қаржы Назарбаевтың қолында, билік те соның қолында. Әр саланы өзінің сенімді адамдары басқарып отыр. Міне біз қазір осындай күйдеміз", - деді Мұхтар Әблязов дебат кезінде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір