• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:42:21
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2019 Маңғыстау облысы

Маңғыстауда президенттік кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. Бұл туралы өңірлік коммуннкациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Бәйгебаев мәлім етті.

Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткерсайттың басты бетінде Президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

Үміткерге міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үміткер Президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды.

Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны  PKRezerv.kz. сайтына тіркелу қажет.

 1

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір