• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:09:44
Алматы
+35°

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов, «Барыс» ХК-ның вице-президенті Арнұр Әлшеров команданың алдағы жоспарлары туралы айтты.

Ағымдағы жыл «Барыс» үшін мерейлі жыл. 26 қарашада клуб өзінің құрылғанының 20 жылдығын атап өтеді және осыған орай бірқатар шаралар дайындауда. Алматыда КХЛ чемпионатының екі матчын өткізеді.

«Бұл Қала күнін мерекелеу аясында Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы сыйлық болмақ. «Барыс» матчтарды және қосалқы шараларды ұйымдастыруда қолдау мен көмек көрсеткен қала әкімдігі мен көпфункционалды «AlmatyArena» мұз кешеніне алғыс білдіреді», – деп атап өтті А. Әлшеров.

Матчтар 17 және 20 қыркүйекте, сағат 19:30-да өтеді. Сейсенбі күні «Барыс» мәскеулік «Спартак» клубымен, жұмада челябинскілік «Трактормен» ойнайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір