• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:16:59
Алматы
+35°

15 Қыркүйек, 2019 Спорт

Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен бокс кешінде жекпе-жек өткізіп, америкалық боксшы Исидро Очоаны техникалық нокаутпен жеңді.

Қазақстандық боксшы (6-0, 5 КО) екінші жеңіл салмақтағы америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді. Бірақ Харсан бесінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді. Ал кейін үзілісте америкалықтың бапкері жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Ескендір кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді, ал Очаоа алғаш рет жеңіліп қалды.

Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтті. Бұл бокс кешінің басты кездесуінде ұлыбританиялық Тайсон Фьюри мен швециялық Отта Валлинмен жұдырықтасатын болады. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір