• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қазан, 19:53:34
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

15 Қыркүйек, 2019 NEWS

Арыста қаза болған әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы апталық іс-сапары барысында 24 маусым 2019 жылы Арыс қаласында әскери борышын өтеуде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекеттік наградалар табыстады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің бапсасөз қызметіне сілтеме жасап. 

арыс марапаттау
ҚР Президенті - ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының 2019 жылғы 7 тамыздағы "Мемлекеттік наградалармен марапаттау" туралы жарлығы бойынша әскери борышын өтеу барысында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін аға сержант Бауыржан Әлімбеков пен сержант Әбдіқұл Ахметов II дәрежелі "Айбын" ордендерімен марапатталды.

арыстықтарды марапаттады
Әскери қызметшілер оқ-дәрі қоймасында өртті сөндіруге қатысып, әскери борыштарын адал атқарды. Әбдіқұл мен Бауыржан бір әскери бөлімде қызмет етті, жауапкершіліктері мол әрі ынталы болды, талап етілген жұмысты орындауға әрдайым аса жауапкершілікпен қарады.

арыс
Қызметтестері олардың әрқайсысы өзінің қызметтік міндеттеріне сай келетін кәсіпқойлығын, сондай-ақ ұжыммен қарым-қатынас орнатудағы ашықтығын және қарапайымдылығын естеріне алды.

арыс марапаттау
Қаза болған әскери қызметшілерге бір минут үнсіздікпен құрмет көрсетті. Арыс әскери бөлімінің жеке құрамы әскери жолдастарын еске алу үшін салтанатты марш жүріп өтті.
арыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір