• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:16:52
Алматы
+35°

Медицина саласын цифрландыру бұл бірінші кезекте Қазақстан Республикасының стратегиялық бағыттарының бірі. Цифрландыру медицина саласындағы барлық ақпараттық жүйелерді біріктіру, электрондық денсаулық паспорттарын құру, мобильдік қосымшаны қолдану, барлық медициналық мекемелердің қағазсыз құжат айналымына көшу. Цифрландырудың медициналық қызметтің сапасын арттыруға, медициналық қызметке қолжетімділіктің жақсаруына, кезекшіліктің азаюына, бюрократизмді төмендетуге ықпал етеді.

Жамбыл облысында аталған мақсатта 2017 жылғы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017-2018 жылға жергілікті бюджет есебінен 470 млн қаражат медициналық ақпараттандыру жүйесін енгізу үшін бөлінді. Қазіргі таңда облыста барлық медициналық ұйымдар медициналық ақпараттандыру жүйесі енгізілген. Бұл жүйенің жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлерінің жұмыс орнын компьютерлік техникамен және медициналық ұйымдар интернет желісімен қамтылды. 2017 жылғы компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 68,2 пайызды құраса, бүгінгі таңда 100 пайызға жетті. Компьютерлік техникамен толықтай қамту үшін жергілікті бюджет қаражатынан 152 млн теңге бөлініп, 1 013 компьютер сатып алынды.

Жалпы, Жамбыл облысында 391 медициналық мекеме бар. Интернет желісіне қосылғандар саны - 352. Бұл 95 пайызды құрайды. Осы тұста айта кетйік, 2017 жылы интернетке қосылған медициналық ұйымдар саны 188 болып, 52,7 пайызды құраған болатын. Қазіргі уақытта Қордай ауданында 4 фельдшерлік-амбулаторлық пункт пен 8 медициналық пункт, Талас ауданында 1 медициналық пункт, Мойынқұм ауданында 1 фельдшерлік-амбулаторлық пункт пен 3 медициналық пункт және Меркі ауданында 1 медициналық пункт аталған жүйеге қосылуы қажет.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес 233 бастапқы медициналық құжаттама нысандарының Жамбыл облысы бойынша 203-і толығымен сандық форматта медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізілген. Оның ішінде бұйрықтың қосымшаларына сәйкес, стационарлардың орташа нысандарының саны – 77, амбулаториялық-емханалардың колданылатын нысандардың саны-82. Жол картасында 2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін 100 пайыз еңгізу жоспарлаған. І жарты жылдыққа 233 нысанның 116 нысанды енгізуді қажет етеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір