• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:14:15
Алматы
+35°

Жамбыл облысында барлық жедел жәрдем көліктері GPS-навигациясымен жабдықталған, бұл көлік құралдарының қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, желідегі жедел қоңырауларды жедел жәрдем бригадасына тікелей қоңырауларды жіберуге мүмкіндік беретін коммуникаторлар қолданылуда.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек кезіндегі жедел жәрдем деңгейіне ауыстырылған шұғыл түрдегі 4-ші дәрежелі шақыруларды жедел жеткізуге арналған интеграцияланған Damumed ақпараттық жүйесі бар жедел медициналық жәрдем станцияларының «Айс-Көмек» жүйесі біріктірілген.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша барлық қоңыраулар саны 370 691 құрады, оның ішінде шұғылдық санатындағы 4 қоңырау 87 133 қоңырау тіркелген.

Сондай-ақ, стационарға жедел жеткізу кезіндегі пациенттің мәліметтері мен науқастың денсаулығының жай-күйі туралы онлайн режимінде стационарға тікелей жолдау модулін енгізу жұмыстары жүргізілуде. (анықтама үшін: бұл интеграция ГБ №1, ГБ№2, ОДБ, СДБ, ОПС, ГПЦ, ОДИБ. Барлық ауруханаларды жыл соңына дейін қосу жоспарланған).

Жоспарда ПАКС жүйесін енгізу, жүйе барлық пленкаларды жинақтау сақтау арқылы мәліметтер базасын құру.

Келесі қадам жасанды ителектіні пилотты түрде дамыту да жоспарланған, бұл орайда денсаулық сақтау министрлігі IBM компаниясымен «Watson for oncology» бағдарламасына ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. IBM Watson терапевт дәрігер ретінде науқастарға диагноз қоя алады, Watson for oncology бағдарламасы қатерлі ісіктің алдын алумен күреседі. Бағдарлама арқылы дәрігер санаулы уақыттың ішінде керекті мәліметті алып, науқас жағдайын анықтайды.

Жылдың аяғында барлық ауруханаларды, сондай-ақ облыстың қалған шалғай аудандарын байланыстыру жоспарланған.

Ақпараттық жүйені енгізу, сонымен қатар, пациенттің медициналық ұйымда болуының 2,5 пайызға азаюына және емделушілердің де, медициналық қызметкердің де уақытын үнемдеп, науқастардың медициналық ұйымға келу санының азаюына әкелді. Жүйелі жұмыс атқару барысында сапалы қызмет көрсету орындалуда.

1 қаңтардан 31 тамызына дейінді аралықта 2 310 496 рет электронды жазылу арқылы дәрігердің қабылдауына жазылған.

2019 жылдың 8 айында 1 099 561 PUSH - хабарламалары жіберілді, бұл пациенттерді скринингтік алдын-алу, профилактикалық тексерулер, салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларының, аурудың алдын алу

үшін ашық есіктер туралы уақтылы хабардар етуге, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасына халықтың қанағаттанушылығын бағалау үшін сауалнамалар жүргізуге мүмкіндік береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір