• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:00:25
Алматы
+35°

Тараз қаласындағы Ардагерлер орталығында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаевтың төрағалығымен кеңейтілген төралқа отырысы өтті. Төралқа мәжілісінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды.

Бұл мәселе бойынша Жолдаудың негізгі мазмұны мен бағыт-бағдарлары жайлы облыстық Билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов жан-жақты баяндап берді. Ал, Жолдаудың негізгі бағыттары жайлы Тараз мемлеткеттік педагогикалық университетінің профессоры Билібай Мүсілімов кең талдау жасай келіп, өзінің ұсыныстарын ортаға салды.

Бұдан соң сөз алған Тараз қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Қаржаубай Бекболатов, еңбек ардагері Ш.Даутов, еңбек ардагері М.Байгелдиев, Тараз қаласының тұрғыны М.Мыңбосынов сияқты қариялар қазіргі кездегі халықтың көкейтесті мәселелерін қозғай отырып, одан шығу жолдарын көрсеткендігін қолдап, өз ризашылықтарын білдірді. Осы шығып сөйлеген қариялардың сөздерін жиынға қатысушы барлық ардагерлер қолдады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Сарысу және Талас аудандарының ардагерлер кеңестерінің төрағалары Жанат Жұмаділдаев пен Байұзақ Көлбайұлының «Жастарға отансүйгіштік, адамгершілік және діни тәрбие беру» тақырыбында аудан ардагерлерінің атқарып отырған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Бірінші болып Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Байұзақұлы 20 минуттық баяндама жасап, Талас ауданының ардагерлері жастарға жан-жақты тәрбие беру жай-күйіне кеңінен тоқталып өтті.

Екінші болып, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің жаңадан сайланған төрағасы Жанат Жұмаділдаев баяндама жасады. Онда да аудан ардагерлерінің жасаған жұмыстары нақты көрсетілді.

Келесі кезекте төралқа мүшесі Н.Сейдуалиев, психолог Р.Адиловалар сұрақтарымен қоса, өз ұсыныстарын берді.

Екі баяндамашыға тыңдаушылар тарапынан да сауалдар қойылып, олар сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Төраға Е.Солтыбаев отырысты қорытындылай келе, екі ауданның да ардагерлер ұйымдарыңың жұмыстары басқа ұйымдарға тәжірибелерін таратуға тұрарлық деп танылып, осы жайлы шешім қабылданды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір