• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:24:20
Алматы
+35°

Жамбыл облыстық және Тараз қалалық мәслихаттарындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жанындағы және облыстық Партиялық бақылау комиссиясының бірлескен тобы «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында Тараз қаласында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандар құрылысының сапасына рейд жасады. Шара барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.

Мәселен, Тараз қаласындағы Сыпатай батыр, Көшеней, Абай, Қолюасшы Қойгелді, Е. Ниетқалиев көшелері, Жамбыл даңғылы бойынша жылу магистралін реконструкциялау, Сыпатай батыр, Төле би, С.Аққозиев, Қазыбек би, Аққошқар әулие, М.Х.Дулати, Ә.Комратов, Д.Қонаев көшелері бойынша жылу магистралін қайта жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары жүруде. Құрылыстың Е. Ниетқалиев көшесіндегі бөлігінде жұмыс қарқыны төмен екендігі байқалды. Салынып біткен жылу құбырларын жабу жұмыстары барысында регламент талаптары сақталмаған. Яғни, құбырларды топырақпен жапқан кезде қабат-қабат етіп жауып, әр қабатын арнайы техникамен таптау қажет. Мұнда бірден топырақ үйіліп жабылып жатыр, таптау жұмыстары жасалмаған. Құрылыс бітіп, асфальт төселген кезде, асфальт отырып, жол жүруге жарамсыз болу қаупі бар. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстары мерзімінен кешігіп жүргізілуде. Тіпті арнайы кесте жасалмағандықтан бүгінгі таңға 700 метр жылу магистарліне салынатын құбырлар әлі күнге құрылыс басына жеткізілмеген. Жылу құбырларын жабатын темір бетон науалар да жетіспейді. Нәтижесінде, М-2 жылу магистарлі бойынша жылу құбырларын реконструкциялау жұмыстары өз мерзімінде аяқталмау қауіпі бар. Мердігер компания «ЖилСтройТараз» ЖШС-нің бас директоры М.Өмірбаевтың айтуына қарағанда жылу құбырларын ауыстырып, құбырларға жоғарғы қысым арқылы су айдау (опрессовка, промывка) жұмыстарын 10 қазанға қарай аяқтап, содан кейін абаттандыру жұмыстарына кіріспек.

Ал, М-4 жылу магистралін реконструкциялау жұмыстарын «Techno Construction Company» ЖШС жылу магистраліндегі құрылыс жұмыстары келісім-шарт негізінде 1 қыркүйекте аяқталуы қажет болса, түрлі проблемалық мәселелердің кесірінен бүгінгі күнге дейін аяқталмаған. Бұл нысанда да кемшіліктер қатары аз емес. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жерлерде арнайы белгілер орнатылмаған, арнайы құрылыс ленталарымен немесе жарық шағылысатын (светоотражающая) ленталармен қоршалмаған. Құрылыстың Сыпатай батыр көшесіндегі бөлігінде де қазылған жерлердің айналасы қоршалмаған. Келісім-шарт негізінде құрылыс жүргізу мерзімінің

аяқталғанымен, объектегі құрылыс жұмыстары аяқталмаған, соның салдарынан тұрғындар жылы сумен қамтамасыз етілмеген.

Бұдан кейін комиссия мүшелері Тараз қаласының 15 мөлтек ауданындағы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мөлтек ауданда бүгінде 500 метр жерге жылу құбырларын жүргізу жұмыстары қалған. Жұмыс басталғанымен, қарқыны баяу екені анықталды. Тараз қаласы әкімдігі құрылыс бөлімінің басшысы Т.Бибосынов, жылу беру маусымына дейін 15 мөлтек аудандағы жылу магистралінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген көп қабатты тұрғын үйлерге уақытында жылу жетеді дейді. Комиссия мүшелері рейд қортындысы бойынша арнайы ұсынымдар қабылдады. Мәселен, Жамбыл облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басышысы Н. Алдамжаровқа «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласында құрылысы жүріп жатқан жылу магистралін реконструкциялау жұмыстарының мерзімінде аяқталуын, рейд барысында анықталған кемшіліктердің толық түзетілуін қамтамасыз етіп, берілген ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпаратты 20 қыркүйекке дейін жолдау ұсынылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (Қ.Айтқұлов) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыруды, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзу анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану, қолданылған шаралар туралы ақпаратты 23 қыркүйекке дейін кешіктірмей жолдау ұсынылды.

Ал Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевқа рейд барысында анықталған «Тараз Су» МКК-на қатысты проблемалық мәселенің шешілуін, жылу магистралін реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін мердігерлердің жер қазу жұмыстарына тиісті мемлекеттік органдардан алған келісім құжаттарының көшірмелерін комиссияға ұсыну, 15 мөлтек ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының жобалау-сметалық құжаттарға сай жүргізілуін, мерзімінде қаржыландырып және құрылыс жұмыстарын жүргізу кестесінің бұзылмауын қадағалау, құрылыстың мерзімінде аяқталуын қамтамасыз ету ұсынылды. Шаһар басшысы аталған мәселелер туралы ақпаратты 20 қыркүйекке дейін жолдауы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір