• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:23:07
Алматы
+35°

Жамбыл облысының азаматтық хал актілерді тіркеу қызметі мұрағатында жамбылдықтардың 82 жылдық мәліметтері жинақталған. Олардың арасында қазақ тілінде латын қарпімен толтырылған іс-қағаздарды кезіктіруге болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалаларында қазақ тіліне негізделген латын қарпіне көшу, мұрағаттық деректерді электронды форматқа ауыстыру арқылы оның пайдалануын оңтайландыруды көздейтін «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасы жайында айтқан белгілі. Жамбыл облысындағы азаматтардың хал актілерін тіркеу қызметінің архивіндегі ескі мұрағаттық деректер Елбасы мақаласында көтерілген бастамалардың баяндылығын аңғарта түседі. Біріншіден мұндағы 1941 жылға дейін мұрағаттық деректер қазақ тілінде латын қарпімен жазылған. Демек бұл Елбасының латыннегізді қазақ әліпбиін қолданысқа енгізу бастамасының тарихи алғышарты саналады. Екіншіден архивтегі мұрағаттық мәліметтердің барлығы 2008 жылға дейін қолме жазылып келген. Тек мұрағаттық мәліметтерді тізімдеуде бірыңғай «РП ЗАГС» ақпараттық жүйесіне көшу басталғаннан бері жамбылдық мұрағатшыларда цифрландырудың озық әдісін кәдеге жарата бастады.

–Қазіргі таңда азаматтық хал актілердің электронды мұрағатын жасау ісі қолға алынды. Қордағы барлық тіркеу кітапшалары цифрлы форматқа көшірілді. Қызметкерлер ондағы жазбаларды түзетумен шұғылданып жатыр. Жалпы электронды архив халыққа сұратылған мемлекеттік қызметтерді жедел көрсетіп, заңгерлерді сұраныстарын да тез арада қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал облыс тұрғындарының талай жылғы азаматтық хал актілері тіркелген кітапшалар облыстық әділет департаментінің мұрағатының қорына алынып, құнды тарихи дерек ретінде сақталатын болады,– дейді Жамбыл облыстық әділет департаментінің азаматтық хал актілердің тіркелуін қадағалау және қамтамасыз ету, апостілдеу бөлімі басшысы Ләззат Абашова.

Расында азаматтық хал актілерді тіркеу қызметі мұрағатындағы бұл құжаттар 82 жыл ішіндегі облыстың қоғамдық-саяси өміріне тарихи зерттеу жүргізуге ниетті тарихшылар үшін құнды дерекке айналмақ. Әрі олардың цифрлы форматқа көшірілуі де Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асырудағы өңірдегі сан саладағы мұрағат ісі мамандарының белсене кіріскендігін көрсетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір