• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:56:31
Алматы
+35°

Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында ұрпақ санасында тарихқа, тарихи тұлғаларға оң көзқарас қалыптастыру мақсатында кино өнерін дамыта отырып, қазақ кино өнерінде еліміздің тарихынан сыр шертетін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу жайы айтылады. Осы мақсатта Тараз қаласында жас киногерлердің басын бір арнаға тоғыстырған «Taraz Film Scholl» деп аталатын кино мектебі жұмыс жасайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында ғана аталған жас режиссер Дәурен Қамшыбаев жетекшілік ететін мектептен тәлім алған жас киногерлер түсірілген «Қайсар», «No limites» аталатын фильмдер жарыққа шықты. Бұл фильмдердің басты кейіпкерлері мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан мақсатына жету жолында мойымаған жандар. Әрі фильм авторлары мұнда голливудтық кинокартиналарда қолданылатын тәсілді оңтайлы қолдана білген. Аталған фильмдерді көрермендер «Taraz Film Scholl» кино мектебінің «Ютуб» желісіндегі каналынан тамашалай алады. «Қайсар» киносы арқылы өңірге танымал болған жас актер Мадияр Құрманбаев Тараз кино мектебінің мүмкіндігі мол екенін алға тартады. Ол «Taraz Film Scholl» кино мектебінен арнайы кастингтен өтіп келген. Үш айға созылған актерлік шеберлікті жетілдіру курстары да Мадиярдың талантын шыңдай түскен. Соның нәтижесі болса керек «Қайсар» фильмін түсіруге жұмылдырылған шығармашылық топ өз жұмыстарын небәрі 5 күнде аяқтау мүмкіндігіне ие болған.

Кино мектебіндегі талапты жастардың жігерін жану мақсатында түсірілім жұмыстарына отандық кино әлеміне танылған жас белгілі актер Елжан Рахимбеков те қатысқан. Өзінің АҚШ-тағы өмірі арқау болған «Эль Фриман» туындысымен танылған талантты жастың өнері «Taraz Film Scholl» кино мектебі шәкіртіне өнеге болары анық.

Айта кету керек тараздық киногерлердің туындысында басты рөлді ойнаған барлық өнерлі өрендерге қолдау білдіру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы оларға 100 пайыздық грант табыстады.

Қазіргі таңда тәжірибесі толысып, технология жабдықталуы жағынан жоғары деңгейге қол жеткізген жас киногерлер мектебі бірнеше ауқымды жобаларды қолға алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір