• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:12:19
Алматы
+35°

Бұл жөнінде бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Түпқараған ауданының әкімі Айдос Хамиев мәлімдеді.

Түпқараған ауданы тұрғындары толығымен ауыз сумен қамтамасыз етілген. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,4 млрд. теңге несие бөлініп, Форт-Шевченко қаласы мен Баутино ауылына ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде, деді Түпқараған ауданының әкімі Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте .

Ақшұқыр ауылынан ұзындығы 40 шақырым, Сайын Шапағатов ауылынан 53 шақырым болатын ауылішілік су құбырының құрылысы жүргізілуде. 2 жоба бойынша да мердігер мекеме «СК ТрансКомСтрой» ЖШС. Келісім-шарт құны 1,2 млрд. теңге. 1650 үйді қамтитын жобаны биыл аяқтап, тапсыру жоспарлануда.

Таушық ауылынан 20,7 шақырымдық ауылішілік су құбырының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Газбен қамту бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, жыл соңына дейін құны 736 млн. теңге болатын Ақшұқыр-2 ауылының 1,2,3,4 орамдарындағы жалпы 898 тұрғын үйді газбен жабдықтау жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, көптеген жылдардан бері көтеріліп келе жатқан мәселелердің бірі Ақшұқыр ауылындағы Бегей тұрғын үй алабына газ тарту жұмыстары басталды. Бегей тұрғын үй алабынан 100 үйді және Ақшұқыр ауылының газ жүйесі жоқ көшелерін газбен жабдықтау бойынша 564,8 млн. теңгеге бөлініп, жұмыстар басталды. Сонымен қатар, Сайын Шапағатов селосының жаңа 6 кварталында 1312 участокке газбен тарту бойынша «СМК-4» мекемесімен 2,2 млрд. теңгеге келісім-шарт жасақталды.

Сондай-ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй салуға жер кезегінде тұрғандардың арызын қанағаттандыру мақсатында Форт-Шевченко қаласының Жаңа Кетік аумағынан 900 участокке газ желісін тарту бойынша мердігер мекемемен келісім-шарт жасақталып, құрылыс жұмыстары басталған.

Елді-мекендердің ауылішілік жолдарын асфальттау жұмыстары аясында Ақшұқыр ауылынан жоғарғы және төменгі бөлігі деп аталатын жалпы ұзындығы 12,1 шақырымды құрайтын 2 автомобиль жолын асфальттау жұмыстары басталды. Екі жоба бойынша да мердігер мекеме «Ақжол құрылыс» ЖШС.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір