• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:53:01
Алматы
+35°

Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев еңбек ардагерлерімен кездесіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін баяндады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесуде шаһар басшысы ардагерлерді облыстың 80 жылдың мерейтойы қарсаңында қолға алынатын көптеген шаруалармен таныстырды.

–Өздеріңізге мәлім ағымдағы жылы Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл. Осы мерейлі дата қарсаңында өлкемізде көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынды. Аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында ескі орталық базар маңындағы «Шахристан» сауда орталығының орнында «Шахристан» тарихи кешені бой көтеруде. Аумағы 200 гектар болатын кешенде облыстық өлкетану мұражайы, көлемді сағат стеласы, көркемсурет галереясы, 700-800 орындық амфитеатр, көрме залы мен «Руханият» орталығы салынады. Өткен жылдың маусым айында қолға алынған құрылыс жұмыстары биыл жыл соңына дейін толық пайдалануға берілмек. Әрі облыс мерейтойына арналған негізгі шаралары легі де осы кешен аумағында өтетін болады, – деді Қайрат Әскербекұлы.

Ардагерлермен өткен басқосуда қала әкімі Қ.Досаев көне шаһарды көріктендіру мақсатында биыл «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешенінде «Көне-Қамал» ғимаратын салу және «Әулие-Ата» ескерткішінің аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарының басталғанына да ерекше назар аударды.

Мұнан бөлек шаһар жұртшылығын мазалаған тұрмыстық мәселелер де сөз болып, оларды шешу бағытында қолға алынған жұмыстар да айтылды. Мәселен «Арай» шағын ауданында бөлінген 50 гектар жер телімінде көпқабатты тұрғын үйде тұратын тұрмыстық жағдайы төмен жанұялар жеке қосалқы шаруашылықты қолға алу мүмкіндігіне ие болды. Күні бүгінге дейін 833 тұрғын осы аумақтан жер телімін алуға өтінішпен қайырылған. Олардың әрқайсысына 0,06 гектардан жер берілмек. Мұнан басқа өздерін мазалап жүрген коммуналдық мәселелер бойынша тараздықтар «Ikomek-109» қосымшасының көмегіне де жүгіне алмақ. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жүзеге асатын бұл жоба билік пен бұқара арасындағы дәнекер болуымен құнды.

Қала әкімі баспаналы болудан үмітті кезекте тұрғандар мен жер телімін алуға өтініш білдіргендердің мәселесі кезең-кезеңімен шешілетінін де атап өтті. Бұл мақсатта биыл 4 әлеуметтік жаңа жатақхана пайдалануға берілсе, келер жылы тағы 4 жатақхананың құрылысы қолға алынбақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір