• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:13:20
Алматы
+35°

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте айтылды.  Ауданның білім саласына бөлінетін қаржы бюджеттің 47 пайызын немесе 3 млрд 614 млн. теңгені құрайды. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету көрсеткіші 99,7% (3-6 жас аралығындағы кезекте 125 бала тұр). Жыл соңына дейін 100% қамтамасыз ету жоспарда бар.Жыл басында Таушық ауылынан 140 орындық «Гаухар» және Ақшұқыр ауылынан 50 орындық «Жанарыс» жекеменшік балабақшалары ашылды. Сонымен қатар, жұмыс жасап тұрған балабақшалардағы оңтайландыру есебінен және жеке инвестиция тарту арқылы Сайын Шапағатов ауылынан әрқайсысы 75 және 50  орындық  балабақшалар ашу жұмыстары жүргізілуде.

Үш ауысымды мектептерді және оқушы орнының жетімсіздігін болдырмау мақсатында Ақшұқыр ауылынан (14 шақырым) 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды.

Биыл мектепті 299 оқушы бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 267 мектеп түлегі қатысты. Оқу жылының қорытындысымен 7 оқушы «Алтын белгі», 9 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.

Балалардың жазғы демалыс лагерьлерімен қамтамасыз етілуі 100% немесе 7 341 баланы құрады.

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы  «Жүректен жүрекке» атты ұранымен өтті. Аудан бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 550 балаға 4,9 млн.теңге көлемінде көмек көрсетілді. Акция әлі де жалғасуда.

2019 жылдың  қаңтар-тамыз аралығындағы 1956 жұмыс орны құрылды.Барлығы жыл аяғында 2411 жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарлануда.

Тіркелген жұмыссыздар саны – 476 адамды құрап отыр.  40 адам - нақты жұмыссыздар. Қалған адамдардың барлығы әлеуметтік шаралармен қамтылды.

Қазіргі таңда 2019 жылдың 8  айына  1810 адам немесе 301 отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 26 тамыздағы №459 Бұйрығына сәйкес құжаттарды қайта тексеру нәтижесінде                                 50 отбасының табысы асып кету себептерінен төлемдер тоқталып, кері қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қалған отбасыларға тамыз айы бойынша тиісті  төлемдер толықтай төленді. Қыркүйек айы төлемі жаңа Бұйрыққа сәйкес тиісті тұлғаларға қазан айының 10-на дейін жүргізіледі.

Жыл басынан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен аудан бойынша 10 маманға 1,7 млн. теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы, 21 маманға баспана сатып алу үшін 79,5 млн. теңге несие берілді.

Денсаулықсақтау саласы бойынша бала өлімі көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда жақсармаған. Есепті кезеңде 6 бала өлімі тіркеліп, көрсеткіш 8,6 промилле болды. Ана өлімі жоқ. Туберкулезбен ауыру көрсеткіші былтырғы жылдың тиісті кезеңінде 32,9 болса биылғы көрсеткіш 31,2 промилле болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір