• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 00:29:34
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

15 Қыркүйек, 2019 Аймақтар

Тараздықтар "Тоғызқұмалақ" ойынын тегін үйрене алады

Тараздықтар орталық «Достық»алаңында құр серуендеп қана қоймай, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты ойнап үйренуге мүмкіндік алды.Әулиеаталықтарға «қойшылар алгебрасы» атанған бұл ойын түрінен білікті бапкерлер дәріс берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық алаңда орналасқан шатырлардағы тоғызқұмалақ тақтасы қойылған үстелдерге дәл осы ойын түріне қызығушылығы бар қала тұрғыны мен қонағы жайғаса алады. Оларға ойынның қыры-сырын білікті бапкерлер нұсқап отырады. Тараздықтарға арналған тоғызқұмалақ дәрісі 10 күнге созылды. Жасыратыны жоқ Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» мақалаларында қазақ өркениетінің озық үлгісін заман ағымына сай дәріптеу жайы сөз болады. Сол секілді ғасырлар бойы ұшқыр ой мен асқан білімділікті қажет ететін сайыс ретінде ұлттың ортақ мұрасына айналған тоғызқұмалаққа қызығушылардың саны артқандығы қуанарлық жайт.

– Тараз қаласы мен қонақтарына тоғызқұмалақты үйретуді арқылы әр жастағы азаматтарға төл спорттың қыр-сырын жақынырақ таныстыруды мақсат етіп отырмыз. Тіпті адамнан мықты логиканы, ұшқыр ойды қажет ететін ойынды ұлықтап, оны халықаралық спортқа айналдыруға да болады. Биыл Түркияда тоғызқұмалақтан бесінші әлем чемпионаты өтті. Ережесі өте қарапайым әрі жеңіске есеп ұшқыр жанның еншісіне бұйыратын бұл ойынды ойлап тапқан бабаларымыз шынында осал болмаған, – дейді облыстық тоғызқұмалақ қауымдастығының төрағасы Батырбек Құлекеев.

Расында қазақтың төл ойыны тоғызқұмалаққа алыс-жақын шет мемлекеттер өте жоғары қызығушылық танытады. Биыл Түркиядан өткен өткен біріншілік бесінше әлем чемпионаты саналады. Дәл осы біріншілікте әлемнің 19 елінен үміткердің бақ сынауы тоғызқұмалақтың бірте-бірте халықаралық спортқа айналып келе жатқандығын көрсетеді.

Негізінен тоғызқұмалақ спорт он сегіз отаудан және екі қазаннан тұратын арнайы тақтада жүз алпыс екі тастың көмегімен ойналады. Ойыншылар өз ұяшықтарындағы тастардың реттілігін сақтай отырып қарсыластың ұяшықтарынан мейлінше көп құмалақ алуды мақсат етеді. Мұнда шабуыл жасаушының салған тасы ұяшықтағы құмалақтар санын жұп етсе ол автоматты түрде қарсыластың қазандығына өтеді. Сайыста өз қазандығына 82 және одан көп құмалақ жинаған ойынша жеңіске жеткен болып саналады.

Айта кету керек ойынның бұл түрін қазақ ойшылдары арасында Абай Құнанбайұлы асқан қызығушылықпен ойнаған екен.Сондай-ақ тарихи зерттеулер кезінде тасқа қашалған тоғызқұмалақ тақтасының табылуы қазақ даласында бұл ойынға деген қызығушылықтың өте жоғары болғанын көрсетеді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір