• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:20:51
Алматы
+35°

Тағдыр тәлкегімен дүниенің төрт бұрышын кезіп, өмірінің соңғы 15 жылын қазіргі Тараз шаһарында өткізген талантты суретші Леонид Брюммердің туындыларын қаланың тарихи келбетін көруге болады. Бүгінде оның картиналары облыстық өлкетану мұражайында жеке бөлімінде қойылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Талантты суретші Херсон қаласында дүниеге келген. Кейіннен Киевтің көркемсурет училищесіне түсіп білім алады. Өзінің шығармашылық ғұмырының 1,5 жылын әйгілі Эрмитажды бейнелеуге жұмсайды. 1930 жылдары Брюммердің картиналары әйгілі бола бастайды. Оның бір картинасында Кавказдың көз тоймас сұлулығы бейнеленсе енді бірінде Қырымның көркем бейнесі көрініс тапты. Алайда соғыс басталған шақта талантты суретші саяси қуғын-сүргінге ұшырып әуелі Павлодар облысына кейіннен Жамбыл облысына жер аударылады. Мұражай мамандары суретшінің тұрмыстық жағдайы мүшкіл болғанына қарамастан оның шығармашалықтан қол үзбегенін айтады.

–Брюммерді көзі көргендердің айтуынша оның тұрмыстық жағдайы өте төмен болған. Айдау мен қуғын-сүргінге қарамастан ол осынау ғажап дүниелерді бейнелей алды. Ол өзінің осы бір сүреңсіз күндерінің өзінен жарқыл табуға тырысты. Және бұл оның қолынан келді. Суретші ғұмырының соңғы 15 жылы сол кездегі Жамбыл қаласында өтті. Ол өзін осы қалада жайлы сезінгені соншалық шығармашылығында үлкен өрлеу кезеңі басталды. Суретші қолынан қылқаламын тастамастан Тараз қаласының сол кездегі бейнесін айна-қатесіз бүгінгі күнге жеткізе алды,–дейді облыстық өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі Жанна Қосалиева.

Расында Леонид Брюммер картиналарынан Тараз қаласындағы алаңдар мен саябақтарды, шығыс базарларын, Қарахан кесенесін көруге болады. Суретші тіпті Тараз қаласына арнап циклдық картиналар да әзірлеген. Мәселен «Жамбылдағы көктем», «Жайма шуақ күн», «Қарахан», «Қарасу өзенінде», «Жамбыл көшелерінде», «Жаз» сынды картиналарын осы қатарға жатқызуға болады.

Өкініштісі сол Леонид Брюммердің шығармашылық әлеуеті ол өмірден өткеннен кейін барып қана мойындалған. Тек Жамбыл қаласындағы 15 жылдық ғұмырында суретші қала келбетіне арналған 1000 жуық картина салған екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір