• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:24:18
Алматы
+35°

Тараздық Абылхан Өтепбергенов елу жасында қолөнерге бет бұрып, қошқармүйіз жасауды қолға алған. Бүгінде шебердің туындылары «Төрткүл» кешеніндегі «Көне Тараз шеберлері» этножобасына қойылып, қала тұрғындары мен қонақтарының тарапынан оң бағаға ие болуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алыс жолдарға шығатын жүк көліктерін тізгіндеген көлік жүргізушісі болған А.Өтепбергеновтың бойындағы сурет салу, қолөнер бұйымдарын жасау, ағаш ою қабілеті 4 жыл бұрын оянған.

–2015 жылы Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойы дүркіреп өтті. Сол шараның аясында өткізілген республика айтысқа барып, «Баласағұн» орталық концерт залының дәлізінде ашылған көрмеден көне ағаш ыдысқа көзім түсті. Өте шебер жасалған дүниеге сүйсінгенім соншалықты оны жасап көруге тырыстым.

Үйге барған соң көрмедегі дүние көз алдымда тұрып алды. Бірер күннен ойда жоқта есік алдындағы жеміс ағашының бірнеше жылдан бері жеміс бермей құр тұрғаны есіме сап ете қалды. Дереу ағашты кесіп, кептірдім. Алғашқы туындымды дәл осы ағаштан қарапайым балта, ара, пышақтың көмегіме ойып алдым. Жаман шықпаған сияқты,–дейді шебер.

Тырнақалды туындысын оюға көңіл ауған келініне сыйға тартқа шебер мұнан соң бұл іспен шындап айналысуға бел буады. Алайда шебер алғашқы жасаған туындыларының дені өзіне ұнамағанын айтады. Мұның себебін шебер қажетті құрал-жабдықтардың болмауымен түсіндіреді. Көп өтпей шебердің қолынан кәдесыйдың түр-түрі шықты. Кейіннен аз-маз қаржының басын жинап, қолөнер шеберіне қажетті бұйымдарды сатып алады. Қазір шебер Жамбыл ауданындағы Айша бибі ауылынан Тараздағы ежелгі «Төрткүл» керуен сарайына арнайы келіп, облыс әкімдігінің туризм басқармасы ұйымдастырған «Көне Тараз шеберлері» этножобасына қатысады. Бүгінде өзінің бай тарихымен және аңыз-әңгімелер арқау болуымен өңірдегі бірден бір туристік нысан саналатын «Төрткүлге» табан тірегендердің арасында Абылхан Өтепбергеновтың туындыларына сүйсіне қарайды. Тіпті он саусағынан өнер тамған шебердің көздің жауын алар бұйымдардың жанында сағат бойы тапжылмай отыратындар табылды. Айтпақшы Абылхан шебердің қолөнер жасаудағы ерекшеліктеріне қызығушылардың арасында өзінің немересі Мадина да бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір