• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:31:43
Алматы
+35°

Алматы әлемнің үш ірі халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі Fitch Ratings ұсынған Қазақстанның тәуелсіз рейтингі деңгейінде "BBB" халықаралық кредиттік рейтингіне ие болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы бес жылда Алматы қаласының экономикасына, бюджетіне және кредиттік бейініне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Fitch "BBB" (инвестициялық деңгей) деңгейінде шетел және ұлттық валютадағы эмитент дефолтының (IDR) ұзақ мерзімді рейтингін және "BBB+" деңгейінде автономды несиелік бейін (SCP) берді https://www.fitchratings.com/site/pr/10088964

Fitch Ratings стандарттарына сәйкес, "BBB" эмитенттің жақсы несиелік сапасы болып табылады және несиелік тәуекел бойынша төмен ағымдағы күтуді көрсетеді.

Аталған несиелік рейтинг Алматының Еуропа және Орталық Азия (ECA Cities) қалаларының бағдарламасы шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) қолдайтын қаланың мақсатты инфрақұрылымдық бағдарламасын жеке қаржыландырудың ұзақ мерзімді құралдарын анықтау жөніндегі күш-жігерін растау болып табылады.

Бағдарлама қоғамдық көлік, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды басқару, энергия тиімді және ақылды қалалық технологияларды қоса алғанда, экологиялық таза және орнықты муниципалдық инфрақұрылым көмегімен түйінді қызметтер көрсетуді жақсартуға бағдарланады.

Қаламен ынтымақтастық аясында IFC Алматыға халықаралық несие рейтингін беруге өтінім беру үшін тиісті құжаттарды дайындау және рейтинг алу процесі барысында басшылық пен ұсыныстар берді.

Халықаралық несие рейтингі инвесторларға Алматының кредиттік қабілеттілігін және өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау мүмкіндігін беру үшін шешуші мәнге ие. Рейтингті беру және IFC мен Алматы арасындағы стратегиялық серіктестіктің алғашқы қадамы болып табылады, ол ірі инфрақұрылымдық жобалар үшін ұзақ мерзімді тәуелсіз емес қаржыландыру нарығына "жол ашады". Бұл жұмыс қалалық инфрақұрылым бойынша өз сараптамасын әкелетін Дүниежүзілік банкпен тығыз ынтымақтастықта да жүзеге асырылады.

Орталық Азия бойынша IFC аймақтық менеджері Кассандра Колберт – "Халықаралық кредит рейтингін алу қаланың өзінің өсіп келе жатқан инвестициялық қажеттіліктері үшін коммерциялық ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту қабілетін күшейтудегі маңызды қадам болып табылады. IFC міндеті – заманауи инфрақұрылымға инвестиция тарту және Алматыға өз тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін тиімді және тұрақты қызмет көрсетуге көмектесу", – деді.

Алматының несиелік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару мақсатында Fitch Ratings бағалайтын әлемнің жетекші астаналар рейтингтерінің тізіміне енгізілетін болады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров "Жоғары несиелік рейтинг Алматы қаласында жайлы инвестициялық ахуал туғызып, бизнес-бастамаларға арналған барынша перспективалы инвестициялық алаң болып қала береді. Біз несиелік рейтингті ағымдағы "BBB+" - тен әлемнің жетекші қаржы ұйымдарымен ұзақ мерзімді заемдар жасай отырып, одан да жоғары инвестициялық деңгейге дейін көтеруді жалғастыратынымызды айта кету керек», –  деп атап өтті.

IFC және Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдың ақпан айында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды, оның аясында IFC ұзақ мерзімді капиталға қол жеткізуде және инфрақұрылымға инвестицияларды тартуға әкімдікке қолдау көрсетеді.

almaty.gov.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір