• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:02:14
Алматы
+35°

Мөлдір Бақыт атты журналист өзінің фейсбуктағы парақшасында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан қазақша хабарламаның сауатсыз жазылғанына шамданды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мынау не сұмдық??? Орыс редакциясы дайын релизді бірден жариялайды. Біз сіздердің қателеріңізді түзетіп 1 сағат отырамыз. Неге бәленбай "ЗАМ" ұстағанша бір қазақша сауатты жазатын маман алмайсыздар?!!! Мына зәулім ғимаратта сауатты жазатын бір қазаққа орын табылмағаны ма???

"ОРЫН АЛҒАН «ТЫҒЫН» САЛДАРЫНАН ӨТКЕЛДЕ ТҰРЫП ҚАЛУҒА ЖОЛ БЕРГЕН".

"№757 АR 05 автобусының жүргізушісі өтпенің арғы жағындағы жолдың бостығына көз жеткізбестен, өтпенің үстіне шығып кетіп, орын алған «тығын» салдарынан өткелде тұрып қалуға жол берген. №43 жолаушылар пойызының жақындауы кезінде өткелдің дабыл құрылғысы автоматты түрде іске қосылып – өткел бағдаршамы «қызылға» жанып, шлагбаум автокөліктің өткелде тұрып қалуына байланысты соңына дейін жабылмай қалған.
Өткел бойынша кезекші жолаушылар пойызын тоқтату үшін ескерту бағдаршамын іске қосу бойынша шара қабылдады"

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір