• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:08:14
Алматы
+35°

Шымкентте жолаушылар автобусы жеңіл көлікпен соқтығысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хабар 24-тің дерегін негізге алып. Соққыдан автобустың бір жанына аударылып қалғаны айтылады.

Нәтижесінде бір адам қаза тапты, ол — кондуктор. 13 адам жарақат алды. Оның үшеуі — бала. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

"Бір әйелдің жасы 39-да, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ол миы шайқалып ауруханаға түскен. Барлығы ауруханаға 10 адам жатқызылған. Ең кішісі 17 жаста, ал ең үлкені 56-да", - деп хабарлады № 1 қалалық клиникалық аурухана қабылдау бөлімінің меңгерушісі Өткіржан Молдаханов.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Сот сараптамасы тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір