• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:26:26
Алматы
+35°

15 Қыркүйек, 2019 NEWS

Алматыны дипкорпус та құттықтады

Қазақстанның Үндістандағы амбассадоры Болат Сәрсенбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа құттықтау жеделхатын жолдады.

Мұнда мегаполистің ерекше дамуы мен қала тұрғындарының еңбексүйгіштігі ерекше айтылған, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

"Қала күні алматылықтардың күнделікті өмірінде ерекше орын алады. Қаланың әрбір жетістігінде алматылықтардың үлесі орасан зор. Қала тұрғындарының туған өлкесіне деген махаббаты, оның заманауи үлгіде дамуына атсалысуы ерекше құрметке лайық", – делінген Б.Сәрсенбаевтың жолдаған жеделхатында.

Оның айтуынша, жақында ғана қала басшысы қызметіне кіріскен Б.Сағынтаевтың Алматының жан-жақты дамуына білек сыбана кірісіп, оның өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмысы қошеметке лайық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір