• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:58:24
Алматы
+35°

17 Қыркүйек, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Құны 1 млн долларлық фильм де жоқ, ақша да жоқ

Келісім-шартқа "Қазақстан" ТРК-ның сол кездегі басшысы Нұртілеу Иманғалиұлы қол қояды

Ертісбаевтың Әблязовпен дебаттан соңғы мақаласы сөз боп жатыр екен бүгін. Ал менің есіме басқа жайт түсіп отыр. Ермұхаммед Қабиденұлының 2006-2008 жылдар аралығында Мәдениет және ақпарат министрі болғанын білесіздер. Сол кезеңде министрлікке қарасты "Қазақстан" телерадиокорпорациясы бір америкалық кинокомпанияға "Left Behind" - "Артта қалған" атты көркем фильм түсіруге тапсырыс береді. 1 миллион 111 мың 111 долларға! Ұлттық арнаның өкілі ретінде Чингиз Ермухамедович Кабидин деген адам әлгі қаражатты игеруге ат салысады. Газет дәлелге тартқан құжатта солай тұр. Келісім-шартқа "Қазақстан" ТРК-ның сол кездегі басшысы Нұртілеу Иманғалиұлы қол қояды. Тек шартта бұл фильмнің нендей көркем өнім екені, қашан түсіріліп бітетіні, қайтымы, туындының болашақ табысы жайлы бір ауыз сөз жоқ. Қысқасы, келісім-шарт бар, орындайтын мемкомпания басшысы бар, қаражат аударылған.

Соңы не болды дейсіз ғой? Дәл таптыңыз: фильм де жоқ, ақша да жоқ... Әрине, бұл істі менен гөрі сол құжатқа қол қойып, бір "лимон" доллар бюджет ақшасын шетел асырған Нұртілеу Иманғалиұлы, кейіннен оның орнына кеп былықты байқамай ашып қойып, қайта жауып үлгерген Дәурен Әбдіхамитов, одан соңғы басшы Жанай Омаров, "Арна медиа" атты аралық компанияны басқарған адамдар... және қаражаттың АҚШ қа өтуіне тікелей қатысты Чингиз Кабидин және осы жас азаматқа ныспысы тым ұқсас Ермұхамед мырза көбірек біледі деп сенем.

P.S. Бүгінде бәріміз дерлік ұмытқан бір ғана жемқорлық хикаясының бүге-шігесін мына сілтемеден оқып алыңыздар. https://time.kz/news/archive/2009/09/23/12580#

Қасым Аманжол

Фейсбук парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір