• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:05:47
Алматы
+35°

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының жастары, «Жастар жылы» мен «Рухани жаңғыру» аясында, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ерейментау ауданында бірнеше шара өткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

парк

Алдымен жастар,  Алаш идеялары мен мұратын көздеген, ағартушылық ісін қолға алып, бастарын қатерге тіккен және батыр бабаларының салған сара жолынан айнымаған, сол үшін ауызбен айтып жеткізе алмайтын ауыр жазаларды бастан кешкен жастардың қайсарлығы мен есімдерін ұмыттырмай, жасөспірімдерге насихаттау мақсатында, Үмбетей жырау атындағы Ерейментау аудандық мәдениет үйінде «Қыршын» атты тарихи драмалық қойылымын сахналады.

«Ұл боп тудым, Ер боп өлсем құрбаны боп елімнің», - деген жас Алаш құрбандарының рухына арналған шығарма авторы драматург, ұстаз Өтен Ахмет, спектакльдің режиссері Ғазиза Бақтиярқызы.

Спектаклге, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері. ҚР Жоғарғы мектебі Ғылыми Академиясының Академигі, Педагогика ғылымдарының кандидаты, Тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталығы төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбайұлы, Драматург, жазушы шығарма авторы Өтен Ахмет, «Ақ жол» ҚДП төрағасы Перуашев Азат Тұрлыбекұлы, ақын, Партия төрағасының орынбасары, Ұлттық кеңестің мүшесі Қазыбек Иса, Ақтөбе облысы қоғамдық кеңес төрағасы Баймағамбетов Бағлан Әуелбайұлы, Әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист Сұлтанхан Аққұлұлы, Ерейментау ауданының орынбасары Әлдібеков Нариман Қазбекұлы, Аудандық Мәдениет бөлімінің басшысы Жылқыбаев Сайлау Қабыкенұлы, Перуаш Кәрімұлы атындағы орта мектеп ұжымы және Ерейментау ауданының тұрғындары қатысты.  

Елдің қамын ойлап, жастарға білімнің шамшырағын маздатып жаққан Алаш арыстары Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабай, Сұлтанамахмұт Торайғырұлының жалын шашқан уытты өлеңдері, тағылымды сөздері сол кездегі жастарды жақсы-жаманды ажырата білуге қалай үйретсе, ізгілікке қалай тәрбиелесе, бүгінгі жастар үшін де сондай терең мәні бар.  

Қуғындау мен жалған жала, жағымпаздық пен асыра сілтеушілік көпшілік көзіне жас алдырып, көңілін босатпай қоймады.

Бір адамның, бір отбасының басындағы қасірет арқылы ХХ ғасырдағы қазақ елі тарихындағы жеке адамдардың тағдырлары тәлкек етілген, таптап жаншылған қаралы кезеңі және ұлттық рухтың нәрін, ар-намыстың азығын биік қойған елім деп еңіреген боздақтардың жан айқайы жан-жақты көріністі көрсетті.

Бұл тарихи драманы жастар өзінің қызығушылығымен, әуесқойлығымен және табиғи дарындылығымен сомдаса, келген көрермен бір деммен қарап, тарихпен сусындады.

Спектакль соңында Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Әлдібеков Нариман Қазбекұлы, «Ақ жол-жастар» жастар қанатының өнерпаздарын қойылымның сәтті өтуімен құттықтап, «Алғыс хат» табыстады.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысы қоғамдық кеңес төрағасы Баймағамбетов Бағлан Әуелбайұлы, шығарма авторы Өтен Ахметке «Қабақ ата» медалін табыстады.         

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір