• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:06:27
Алматы
+35°

«Жастар жылы» мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанатының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Шотан батыр туралы деректі фильм көрсетілді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ло

Ел басына күн туған қилы кезеңдерде елім, жерім деп өткен ерлер ержүректілік пен қайсарлықтың, шыдамдылықтың үлгісін көрсетіп, келер ұрпағына Тәуелсіздікті тарту етті. Батыр бабаларымыздың бойына сіңген ұлттық рух қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға, жауға қарсы тұруға, ұлан-ғайыр жерімізді, еліміздің тұтастығын қорғауға жігер берді.
Жоңғарларға қарсы шайқаста жерді білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған ержүрек батырларымыздың ішінде Шотанның есімі ерекше аталады. Сонымен қатар, осындай фильмдер арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру. Ел аузында аңыз боп қалған Шотан батыр туралы деректі фильмнің авторы әрі режиссері жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір