• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:50:50
Алматы
+35°

Әнші Жанар Хамитованың туыстары, оның өзіне-өзі қол салғанын жоққа шығарды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының дерегін негізге алып. Марқұмның туысқан ағасы қарындасының қазасына мүлде басқа жағдай себеп болғанын хабарлады. Дегенмен қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтауға кіріскен. 

Әнші Жанар Хамитова небәрі 30 жаста. Оның қазасы жайлы кеше таңертең әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы жағдай Қарқаралы ауданындағы әкесінің үйінде болған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылғанымен, әншіге араша бола алмапты. Дегенмен Жанардың жұмбақ өліміне қатысты түрлі қауесет тарап үлгерді. Әлеуметтік желідегі жазбаларда, әнші өзіне қол салды, асылып қалды,- деген ақпараттар жылдам тарады. Полиция да «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен тергеу жұмыстарын бастады.  

"Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚК 105 бабы, 1- інші бөлігіне сәйкес тіркелді. Тергеу барысында оқиғаның мән жайы анықталатын болады", - Қарағанды облыстық ПД-ның баспасөз хатшысы.

Алайда марқұмның туыстары әншінің өзіне қол жұмсағанын жоққа шығарып отыр. Өзін туысқан ағасымен деп таныстырған Тиышбек Хамитовтің айтуынша қарындасының қазасына, оның басында болған жайттар себеп болған. Жүрегіне салмақ салды дейді.  

"Ондай ештеңе болған жоқ. Жүрегі шыдамады. Үйде тазалық жұмыстарын істеп жатты, 1-2 күнге келген. Ондай ештеңе болған жоқ. Жүрегі нашар болды. Бір нәрсеге алаңдаған болса керек. Алтын бала ол. Шығармашылықтың адам еді", - дейді Тиышбек Хамитов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір