• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:16:39
Алматы
+35°

Бүгін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының "Шығыс" Оқу орталығының саптық алаңында  "Шығыс-2019" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ШҚО ақпарат орталығы жазады.

Мақсаты – қатардағы жауынгерлердің дайындығын тексеру және өңірдегі бейбітшілікті сақтау үшін ресейлік және қазақстандық әскери қызметшілердің өзара іс-қимыл деңгейін арттыру.

Оған 4000-ға жуық әскери қызметшілер қатысып, бір жарым мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.

ыувч

 – Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастар әскери ынтымақтастықтың көп жылғы тарихына ие. Бүгін басталған оқу-жаттығу екі одақтық мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тығыз қарым-қатынастардың жарқын айғағы болып табылады. Әрбір сарбаз өз кәсібилігін, ортақ қауіп-қатерлерге қарсы тұра білуін көрсету керек, – дейді РФ Қарулы Күштері әскерлерінің командирі Сергей Мильчаков.

Оқу-жаттығу үш кезеңде өтеді: әскерлерді жауынгерлік әзірлікке дайындау, бірлескен арнайы әскери операцияны өткізу.

Осындай оқу-жаттығулар еліміздің бірнеше өңірінде бір уақытта басталды. Қазақстанның оңтүстігінде тау-кен бөлімшелерімен, ал Қарағанды облысының аумағында зымырандық-артиллериялық бөлімшелермен қатар өтуде.

вс

Қолбасшылық атап өткендей, аталмыш оқу-жаттығуларды өткізу қатысушы мемлекеттердің Қарулы Күштерін қолданумен байланысты бірқатар мәселелерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Халықаралық әскери ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштері тұрақты негізде Орталық Азия елдері – Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан, сондай-ақ Ресей, Белорусь, Үндістан, Түркия және басқа да мемлекеттер бірлескен оқу-жаттығуларға қатысады. Өткен жылы Қазақстан әскери қызметшілері оннан астам халықаралық оқу-жаттығуларына қатысты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір