• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:44:10
Алматы
+35°

Семейдің қалалық "Достық" үйінде зиялы қауым өкілдерінің, депутаттардың қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. Кездесу барысында қаланың сол жағалауында жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысы және оны абаттандыру жұмыстары сондай-ақ,  қатым түсіргенде, қонақ асы берілгенде қойылатын ас мәзіріне қатысты мәселелер қозғалды.

Жаңа мешіт құрылысы 2008 жылы басталып, түрлі себептермен жұмыстар тоқтатылған болатын. Алайда, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен мешіт құрылысы қайта жанданды.  Бүгінде мешіттің сыртқы бөлігін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мешіт 2000 адамға арналған. 700 көлікке автотұрақ қарастырылып, 2 шағын аспалы көпір салу жоспарлануда. Жиында қатымхана салу және ас мәзірін ретке келтіру де сөз болды.

– Қала бойынша 11 мешіттің 9 қатымханасы бар. Төлеубек қажы мешітіндегі қатымхана 300 адамға арналған. Айтпағым, қонақ асы кезіндегі ысырапшылық. Ас негізінен алыстан келген ағайынға беріледі. Алайда,  барлық адамның қонақ асын беруге жағдайы келе бермейді. Сондықтан, баршаларыңызды  қатым кезінде астамшылыққа жол бермеулеріңізді сұраймын, –деді Семей қаласының орталық мешітінің наиб имамы Ерлан Досымұлы.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір