• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:41:48
Алматы
+35°

Жантүршігерлік теміржол апатынан шошып қалған Алматы облысындағы Шамалған бекетінің тұрғындары шенеуніктерден көпір салып беруді талап етті. Ондаған адам бүгін елдімекендегі әкімдік ғимаратының алдына жиналды. Олар апат болған өткелде сағаттап кептеліп тұрудан мезі болғанын айтады. Жұрттың мұң-мұқтажын тыңдаған билік өкілдері көпір тұрғызылатынын мәлімдеді. Тек оның нақты қашан жасалатыны белгісіз деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының дерегін негізге алып.

"Өткелде әрдайым көлік кептеліп тұрады. Балаларымыз таңертең шығып кетеді. Кешкісін балаларымыз үйге кіргенше, 12-ге дейін бізге ұйқы, тыныштық жоқ. Оның үстіне, қауіпті өткелде қайғылы оқиға көп болады", - дейді Шамалған бекетінің тұрғыны Сәуле Есенғалиева.

Оқиға орнында тіл тартпай кеткен қоғамдық көлік жүргізушісінің жақындары ол "жолаушыларды құтқарамын деп құрбан болды" деп есептейді.

"Менің баламды ешкім кінәламасыншы. Ол өзінің жұмысын атқарды ғой. Сол адамдар үшін өзін құрбан етті ғой. Адамдарды түсіремін деп қаза болды", - дейді марқұмның анасы Симизар Саракова.

Қара жамылғандар ешкімге кінә артпайды. Сотқа да шағымданбақ емес. Десе де, елдің есін шығарған оқиғаға кінәліні тергеу анықтауы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір