• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:28:31
Алматы
+35°

Семей қалалық мәдениет сарайында полиция басқарма басшысы Дулат Қазақпаев тұрғындармен есепті кездесу өткізді. Полиция басқарма басшысы хабарлағандай, Семейде жасалған қылмыстардың ең көп тараған түрі ұрлық пен алаяқтық. Бұған көбінесе адамдардың өз мүлкіне немқұрайлы қарауы себеп болып отыр. Тұрғындар көп жағдайда  бағалы заттар сақталатын  үй-жайлардың есіктерін жаппайды . Тағы бір себеп-күзет, дабыл және бейнебақылау камераларының болмауы. Қалалықтар "OLX", және  "Колеса.kz"-тің құрбандары болып жатады.

Бүгінгі күні алаяқтықты ашу және тергеу үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан топ құрылды. Олар күн сайын жалған хабарландыруларды анықтау үшін интернет сайттарға мониторинг жүргізіп отырады. Сондай-ақ ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу бойынша бейнероликтер әзірленіп, олар қоғамдық орындарда көрсетіліп отырады.

Жалпы, жыл басынан бері полиция қылмыстық құқық бұзушылықтарды 1188 фактіге төмендетті. 8 ай ішінде қалада бұзақылық 70%-ға, тонау 6%-ға, зорлау 21%-ға кем, алаяқтық 36%-ға  және ұрлық 25%-ға азайды. Пәтер ұрлығы да 3 есеге кеміді.

Дегенмен, полицейлер қала тұрғындарын өз мүліктеріне жауапкершілікпен қарауға және бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болуға шақырады.

– Біздің қала тұрғындарына өз мүліктеріне, пәтерлеріне мен үйлеріне жауапкершілікпен қарауға шақырамын.  Қалада бар тиісті күзет агенттіктерімен пәтерлерді күзетуге келісім-шарт жасай отырып, арнайы дабыл сигналдары орнатылу керек, – деді Дулат Қазақпаев.

Сондай-ақ, өткен жылдан бастап Семей полициясы қылмыстық және әкімшілік өндірісті жүргізудің электрондық форматына көшті. Мәселен, қылмыстық істерді тергеу кезінде барлық мәліметтер мен құжаттар компьютер арқылы электрондық қылмыстық іске енгізіледі және тергеу бөлімшелерінің басшыларына қолжетімді болады.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 3-5 минут ішінде планшеттің көмегімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық форматта жасап, басып шығарып, оны азаматқа қысқартылған іс жүргізу туралы түбіртектің түбіртегімен қоса бере алады. Бұрын бұл рәсім 15-20 минутқа созылатын.

Өйткені құқық бұзушыны ведомстволық базалар бойынша тексеру қажет болды. Қазір бұл азаматтың ЖСН электрондық нысанына енгізген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады.

– Бүгінгі күні полиция қызметкерлері термопринтері бар 70 планшетті пайдаланады. Оның 30-ы Семей қаласының жергілікті атқарушы органының қолдауымен бөлінген, – деді Дулат Қазақпаев.

 Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір